ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ЖЕЛ КҮШЕЙІП, ТҰМАН ТҮСЕДІ
Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық ағымдардың ықпалында болады, боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі, күндіз жел күші – 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасын болып, 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Маңғыстау облысында кей жерлерде көктайғақ болып, жел күші 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі», - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.