ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛМАҒАН ЕМХАНАЛАР БИЫЛ ЖАЛҒАСАТЫН БОЛАДЫ
«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласы 200 төсектік перинаталдық орталығының құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында 200 төсекке арналған көп бейінді балаларға ауруханасының құрылысын бастауға 300 млн теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 2016 жылға жоспарланған.
- Өткен жылы ауысымына 250 келушіге дейін қабылдайтын Арал, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария және Жаңақорған аудандарына аудандық емханалар және 1 ауылдық емхана құрылысын жүргізуге 1 401,8 млн теңге бөлінді. Сырдария және Қармақшы аудандық емханаларының құрылыстары 2014 жылмен аяқталып қолданысқа берілді, ал Арал ауданы Сексеуіл, Жалағаш және Жаңақорған аудандық емханаларының құрылыстары биыл жалғасатын болады, - деп, «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сапар Рахменшиев хабарлады.
Шынар БЕКБАН