Депутаттар министр қызметіне Роман Склярдың кандидатурасын мақұлдады
Мәжіліс депутаттары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне Роман Склярдың кандидатурасын мақұлдады, - деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kzTengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратты Роман Склярдың өзі мәжіліс кулуарында растады. "Иә, мақұлдады. Мен алтыншы шақырылымның депутаты болып жұмыс істеген Мәжіліс комитетінің депутаттарына өте ризамын", - деді ол журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Бұған дейін ол Инвестициялар және даму министрлігінде вице-министр қызметін атқарды. Министрлікті Жеңіс Қасымбек басқарды.