МЕМЛЕКЕТ ХАТШЫСЫ СТИВЕН ТУЛЛМЕН КЕЗДЕСТІ
Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Стивен Туллмен кездесті.
Кездесуге БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтенгерел, Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымының орынбасарлары – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.И.Тарасенко және Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлеймен қатысты.
Гүлшара Әбдіқалықова тараптар арасында қол жеткізілген өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, сондай-ақ БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық жаңғыру үдерісіне қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысы белгілеген «Қазақстан-2050» стратегиясы және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жаңа Экономикалық Саясаты міндеттерін орындау аясында еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуының кең ауқымды мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады.
Мемлекеттік хатшы Г.Н. Әбдіқалықова Инфрақұрылымдық даму жоспарының шеңберінде Қазақстанның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі өзара тығыз іс-қимылдың, оның ішінде барлық инфрақұрылымдық жобаларға әйелдерді белсенді тартудың айрықша маңыздылығын атап көрсетті.
Тараптар алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықты ескертуге, сондай-ақ қоғамның рухани-адамгершілік дамуына бағытталған алдын алу шаралары бойынша ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.