Қызылордада алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?
«Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының мәліметінше, 20-22 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 20 ақпан таңертең және күндіз кей жерлерде оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.