16 ҚАҢТАРДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАУЫН-ШАШЫН БОЛЫП, БҰРҚАСЫНДАТАДЫ ЖӘНЕ ТҰМАН ТҮСЕДІ
Республиканың оңтүстік, оңтүстік-батысында ауа райы күн ашық болады. Қазақстанның қалған аумағы атмосфералық ағындардың ықпалында болғандықтан, жауын-шашын болады, бұрқасын көтеріледі, тұман түседі, көктайғақ болыл, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жел тұрады, оның күші - 15-20 м/с. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатады, тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде кей жерлерінде жел 18 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.
Сонымен бірге, таяудағы тәуліктерде Сырдария өзенінде мұз қатуы әлсіреп, республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Қазақстанның батысындағы, солтүстік және орталық облыстарындағы су нысандарында қысқы режим сақталады.