ҰЛТТЫҚ БАНК ӨКІЛІ ДЕВАЛЬВАЦИЯ ҚАУПІН ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ
ҚР Ұлттық банк басшысының кеңесшісі ұлттық валюта девальвациясы қаупін жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жөнінде Олжас Құдайбергенов өзінің Facebook-тегі бетінде айтты.
Қаржыгер алдағы күндері доллар бағамының күрт өсуі мүмкін екені туралы қауесеттерге қатысты түсінік берді. "Ертең ешқандай девальвация болмайды, "Х сағаты" да, басқа да жағдай болмайды. Ертең Ұлттық банк ресми мәлімдеме жасайды, содан кейін мәселе май шаммен қаралады! Сізді девальвациямен үрейлендіргендердің бәрін есте сақтаңыздар - олар енді адамдарды қорқытып ойнауды доғарады деп үміттенемін", - деп жазды Ұлттық банк басшысының кеңесшісі.
Еске сала кетейік, 2014 жылдың ақпанында валюта бағамының өзгертілгенінен кейін Ұлттық банк айырбастың жаңа бағамы - 185 теңге үшін рұқсат етілетін ауытқу мөлшері - плюс/минус 3 теңге болатынын мәлімдеген еді.
Айта кетейік, 31 шілде күні кешкісін Астанадағы айырбас пункттерінде ұзын-сонар кезек басталды, кейбір пункттер доллардың таусылып қалғанын айтып, оны сатуды доғарды. Шілденің 31-і күні доллар бағамы 184,8 теңге болды, ал сол күні кешкісін кейбір айырбас пункттерінде бағам 187 теңгеге дейін көтерілді. Айырбастау орындарының көбінде доллар курсы өзгеріссіз қалды немесе рұқсат етілетін шеңберде ғана ауытқыды.