«Сырдарияның» бір сыры
Сәбит Мұқанов «Сырдария» романын 1947 жылы жазыпты. Сырдариядай үлкен суды, күріш пен күрмекті өмірде кеш көріпті, құлпырып өскен күріш, ай мүсіндес имек орақпен де жасы бел ортадан асқанда жүздесіп, жанына сырлас қылған екен.
Ол заңды да. Солтүстіктің тумасы, ақ қар, көк мұзда өскен қаламгер ХХ ғасырдың ортасында өзі көріп-білмеген күріш деген дақылдың сөзбен суретін салып, үлкен судың тағдырына тартынбай кірісуі кімді болса да таңдандырмай қоймайды. «Күріштің арқасында күрмек су ішеді» деген мәтелдің мазмұнына да осы ауылда қанықты, адамның мінез-құлқын өсімдікке теліп айтқан халықтың айтқыштығына таңғалды.
Шілденің соңы, қоңыр күздің басында «Қызыл ту» колхозына келіп, жер ортасына бет алған адамның жан дүниесіне әбден зер салып, көкірек-көзіне үңіліп, қара жермен тілдескен қайсар жанның диқангершілік тазалығына таңғалып, күнде егістік басына бірге барып жүрді. Бұл барып-келу үш айға ұласты. Сәбең, әрине, атқа мінген, кезінде ат құлағында ойнап шабандоз болған, бірақ өмірде есекке мінбек түгілі Сырдың салпаң құлақ қара есегін сыртынан да көрмеген жан еді. Бұның бәрін маған Ыбырайдың кіндік баласы, немере ағам Сейітбек сыр ғып айтты. «Күнде таңертең атақты қаламгерді атқа мінгізіп, өзім есекке отырып, алдына түсіп жетектеймін» дейді. Жылқының табиғатына жазылған бір сауап – есек жылқының артында жүрмейді, алдына түседі. Сонда ат үстінде рақаттанып отырған Сәбең майда бүлкілге салған есектің сидам сирағынан көз алмайтын көрінеді. Күріштікке жеткенше жол бойында сыңсып аққан жіңішке арық көп, есек сол арықтың бәріне төрт аяғын тең тастап, талтайып тұрып зәрін төкпей өтпейді. Әрі өтсе де, бері өтсе де ағын суды арамдап өту – есектің бір қасиеті. Жылқы болса, маңғаз қалпынан танбай, қара есек қашан зәрін жіберіп болғанша көзі жасаурап тұрады да қояды. Қаламгер жылқы мен есектің бойындағы екі түрлі қасиетке көз алмай шұқшиып, өзі білмейтін құбылысқа таңғала зер салып, таңдануын да жасыра алмайды. Тіпті ат үстінде қолына қаламын алып, білмейтін бір нәрселерді шалт қимылмен жазып отыратын көрінеді. Үш айда Сәбең білмегенін сұраудан жаңылмапты, есектің жылына неше рет балалап, қодығын қалай күтіп-баптайтындығын, басқа да қасиеттерін барлап, бажайлаған көрінеді. Табиғи тірлікке дауа жоқ, тал түсте ақырып келіп, ұрғашының тісін ақситып үстіне шыққан дүмбілез хайуанның әрекетіне басын шайқап, «Мынау өзі… талтүсте…» деп күбірлегенін де көргенбіз» дейді күлімсіреп.
Есек – бап талғамайтын хайуан. ¬Аузына не іліксе соны күйсеп тұра береді. Жылқы ғой тәкаппар, аузындағы бидай-дорбасын дер кезінде алмасаң оң аяғымен жер тарпып белгі береді. Тәкаппар жылқының алдына түскен хайуанның осы «өзімшіл» қасиетін көріп, Сәбең жарықтық таңғалыпты. «Есектің қайсарлығын берсін» деген сөзді естіп, ауылдан басын шайқап аттаныпты.
«Сырдария» романы 1947 жылы жарық көрді. Атақты шығарма боп аты дүркіреп, қаламгер есімін де алысқа әйгіледі. Солтүстікте туған қаламгер оңтүстік тумасы – Сыр күрішін өмірге әкелген кейіпкер – диқан Сырбайдың адамдық бейнесі мен өзі көріп-білмеген дақылдың бары мен жоғын тәптіштеп керемет шығарма жазды. Романда диқан бейнесімен қатар соғыс жылдарында алыс ауылдағы қарапайым еңбек адамдарының ерлікке пара-пар қажырлы еңбегі шынайы суреттеледі. Орыс және басқа тілдерге аударылған роман Одақтық әдебиеттің озық жетістігі ретінде бағаланды. Бұл «Ботакөзден» кейінгі бағалы кітап болды. Әуелде латын әліпбиімен басылған мұқабасы қызыл кітап ауыл кітапханасында әліге дейін сақтаулы. Адам тағдырын, соғыс кезіндегі тыл қасіретін тәптіштеген шығарма оқырманның іздеп жүріп оқитын кітабына айналды. Еңбек те, майданның мұңы да мұнда ағын су арқылы ақиқатын тапқан. Сыр жұрты Сырдария ағып жатқанда бұл кітапты ұмыта алмайды.
Ең ғажабы, сол кездегі жеті-сегіз жасар ағаларым – соғыс кезіндегі ат жетектеген ауыл балалары өткен күндерді сағына еске алады. Олар да қазір сақал қойған ата болды. Сол мылтықсыз майданның балалары – бүгінгі сексеннен асып жығылып, шөбересінің кекілін сипағандар да некен-саяқ. Олар үшін өткен өмірдің көрінісі еміс-еміс еске алар мұң мен махаббат.
Күндер қол бұлғап кетіп барады. Өмір сонысымен қымбат. Сырдария толқып ағып жатыр. Арнасы тартылып бара жатқанын айта-айта аузымыз көпірді. Жанын сығып берген болмашы суға аузын ашып Арал тұр…
Сол кездері бір жағында күн с¬айын «қара қағаз» келіп, халық жоқтаудан күй-зелсе, бір жағында ел ырысы – Сыр күрішімен адамның несібесін еселеп, қара қаптың аузын қара қазақ шымшып буып жатады екен.
Бүгін ше?
Күріштік алқап азайып барады. Ғарыш айлағы мен уран алқабы бәрін билеп алды. Зымыран ыңыршағы айналған елдің тұла бойын тоздырып, қара кетпен мен қара шалдың кейпін мұражайдан ғана көретін болдық. Боранды бекеттен Ана-бейітке жете алмай аңыраған ел – біздің ел.
Кітапханалар ше?
Таңғы тоғыз бен кешкі алтының арасында есігі ашық, бірақ бұрынғыдай емес, кітапханашының көңілі сүлесоқ. Көгілдір экран мен компьютер кітаптың билігін амалсыз алып қойған. Жаңа кітап жоқ, «Жұлдыз» бен «Қазақ әдебиеті» келмейді, келмеудің себебі – билік қаржы бөліп жазылмайды, баспасөзді керек етпейді. Сөз етіп отырған «Сырдарияны» жаңа оқырман алып оқымайды, ескі оқырман иегі кемсеңдеп отырып кейінгілерге сөз қылады.
Өзіміз тік шаншылып сүңгіп өскен Сырдарияның өңі солғын.
Сәбеңнің «Сырдариясы» қазақ үшін беті ашық кітап, «Мені оқы» деп жұтынып ұрған бір қазына.
Ағам айтқан бір сыр осы еді.
Ол да сегізінші ондыққа жылжып жетіп қалды.
Шым-шымдап шерткен сыр артта қалған кейбір күндерді алға шығар¬ғандай. Бұның да сағынышы бар. Ыбырай үйіндегі Сәбең жантайған жастық пен жамылған көрпе де мұражайдың көне мұрасындай қымбат дүние. «Айтпаса сөз өледі». Көне мұраға бұрылып қарап, ұстап көретін біреулер табылса ғой. Рухани жаңғыру біздің ауылға бармаған секілді.
Сырдария жылжып ағып жатыр.
Қолыма алғаш ұстаған осы бір қызыл кітап көз алдымнан кетпейді. Әр нәрсенің өзіндігі бар. Алғаш көрген сурет те көз алдыңнан кетпей қалып қояды.
…Салпаң құлақ қара есектің төрт аяғын тең тастауын қарашы. Хайуанның мәртебесі биік, қырсық көңілде қайсарлық бар. Ол жылқының артында қалмайды, тек алда жүреді. Жетекке көнбейді, тартынып, тұяғымен жер тіреп тұрып алады. Адамзаттың да осындай екендігін сонда Сәбең ойламады дейсің бе?
Сырдария ағысынан танбайды.
Білем деген адамның білмесі де аз емес.
Қаламгердің осыған көзі жеткендей. Жалы күжірейген ақбоз аттың үстінде салпаң құлақ қара есекке сыртынан шұқшия көз салған Сәбеңді көргендейміз. Шіркін, сол кезде фотоаппарат болса ғой, тосыннан түсірілген сиқыр көрініске көзіміз қанығар еді. «Сырдарияны» жазарда қаламгер Сыр жұртын аралап, қазақы көріністерге тап болды, естімеген сөздерді естіді. Жазушыны көреміз деп Ыбырайдың көршілері де күнәра қонақ етті. Олардың диалогтары да қаламгердің езуіне дыз еткен күлкі шақырды, керектілерін түртіп алып отырды. Дәл осындай жағдайдың кемелденген социализм кезеңіндегі көрінісі – Солтүстік тумасы, тек сол жақта қызмет атқарып, жер ортасынан ауғанда Қызылордаға бірінші басшы боп келген Еркін Әуелбеков ең алғаш қазақша өткен бюроны көріп, үйіне келгенде жұбайына таңғала тіл қатыпты. «Не деген тіл, не деген сөз, біз орыс боп кеткен екенбіз ғой». Сыр бойынан қызмет ауыстырып кетерде де халықпен қоштасып тұрып: «Мен Сырдан көп нәрсе үйрендім, әдет-ғұрып үйрендім, тіл үйрендім» деп, қол бұлғап қоштасыпты.
Сәбең де сөзсіз солай еткені айдан анық. «Ұсталмаған» сөзге құлақ түрді, қазақы қимылдарға қызыға қарады. Солтүстіктің қытымыр аязы мен күз бас¬талмай жатып өңменіңнен өтіп кетер оңтүстік-батыстың қара желін салыстырмады дейсіз бе?
Сәбең лықсып-толқыған дарияға шұқшиып тұрғанда Ыбырай:
– Сіз өзі жүзу білесіз бе? – депті.
– Жоғ-ә, судан жаман қорқам. Арықтан аттап өтсем де, іштей ел-жұртыммен қоштасып тұрам…
Осыдан кейін диқан «суға түсейік» деген сөзін ішінде сақтапты. Ойлап қарасаң, судан қорыққан адамның «Сырдарияны» жазуы ерлік емес пе?
Осы сөз Сәбеңе де қамшы болды. Он жас үлкендігі бар аға тұтқан адамнан сұрай алмай жүрген бір сыры бар еді.
– Сізді алғаш шығарған анау «шайтан көрдім» деп тұра қашқан райком секретары ғой?
Сөзге жоқ адам амалсыз сөйледі. «Ауыл¬дағы сөздің Алматыға да жеткені ме?». Жазу¬¬шыға қарап еді, көзінде сұрау тұр.
– Сәбит қарағым, сол Қаракөзов деген өзі бір жақсы адам еді. Жаңғалақтығы да бар еді. Қасына агрономды ертіп ап, керзіби етігін киіп ап, егінді өзі аралайтын. Бізде күрішке ылай омаш тарту деген болады. Сепкен дәнді атызға су алғасын тез арада үй орнындай томарды сүйретіп, лай сумен араластырмаса, торғай шұқып жеп қояды. Екі өгіз екі томарды сүйреп келе жатқан. Кенет, аш па білмеймін, біреуі бір орнында тұрып қап, зорығып, етбетінен түсті. Қараторғай дегенің қаптап жүр. Өгіздің зорыққаны оларға жақсы болды, қара топыраққа үймеледі де қалды. Дереу атыз жағасына сүйреп тастап, орнына өзім жегілдім. Мойнымның жіңішкелігі болмаса, томардың салмағы түк емес екен. Бір айнала бергенде райком Қаракөзовты көргендей боп ем, бір қарасам, зытып барады. Сөйтсе өгіз бен шайтан қатар келе жатыр деп, қорқып қашыпты дейді, бәтшағар. Агроном басу айтып, ол шайтан емес, адам деп, менің атымды айтыпты. Ертеңіне өзінің бұйрасында (бюро) ол да көргенін айтып, жұртты жұмысқа жұмылдырыпты. Қырқыншы жылы ешкім де жұмыстан қашпайтын. Қолын бір сәт кетпеннен босатқан кісі сауалына аз сөзбен жауап берді де, тірлігіне кірісті. «Менің сенбей жүргенімді көңіліне алып қалмаса екен» деп жазушы жалпақшешей болғысы кеп еді, мойнын бұрмады, ұңғысы тостағандай кетпенді қара жерге қарш еткізді…
Сәбең көрген асау арна бүгінде тасып-толқымай бүлкілдеп ағып жатыр. Судың көркі болған үйрек толқын да жоқ. Көпір салынып, арлы-берлі ағылған жұрт үлкен судың осындай болашағын болжап, арманына арқау болған кітапты бір сәт іздесе деп біз де армандаймыз. Бұл да жылқының алдына түскен есектің жауырын шұқыған сауысқанды көре-көре көз талғандай әңгіме.
Батыстан шығысқа, шығыстан батысқа қарай жүйткіген пойыздар біздің ауылды басып өтеді. Төретам деген бекет бар. Оның түбінде Байқоңыр қаласы. Тұрғындары – қазақ, тілдері – орысша. Өйткені Мәскеудің иелігінде. Осы жерді мекендейтін қазақ балалары таңертең Ресей Әнұранын айтып, сабақ бастайды. Олар Шәмшінің «Ана туралы жыры» мен Сағи сөзін жазған «Ауыл қарттарын» өмірі естіген емес, өз халқының әуенін жандары жек көреді. Анасына тас атқан мәңгүрт осылар емес пе? Ауылдың дәл түбінен Сырдария деген өзен ағып жатқанын да білмейді. Осы Байқоңырды қазақ халқының иелігіне қайтарады деген сөз шыққалы қашан. Тянь-Шаньнан бас¬тау алған Сырдария Аралға жете алмай Төретамның төңірегінде кілт тоқтап қалмаса екен деген үрей бар. Өйткені толқын да қатты атылған оқтан сескеніп, селт етеді. Қорқыныштан кілт тоқтап қалуы мүмкін. Бұл жерде оқ емес, кең ғаламды өртеп ұшқан зымырандар күнәра аспанға атылып, ажалсызы нүктесіне аман жетіп, ажалдысы қайтадан жер құшып жатыр. Ол жерде қазақ отыр. Информбюроның хабарына қарағанда, құлаған зымыранның табиғат пен тұрғылықты халыққа түк зияны жоқ. Мұндай өтірікті естіген сайын кәрі Сырдарияның денесі бір бүлк ете қалады. Айтайын десе тілі жоқ, айналасындағы мәңгүрт адамға сөз жүрмейді. Осының бәріне шыдамай кәрі су ішін басып, ұрпағына өкпелеп, бір күнде құрғап кете ме деп қорқамын. Осы мен де ойымдағыны айтып жүріп, бір күні жуан-жуанның қармағына түсіп қалмасам екен. Мейлі, мен үшін Сейхун-Сырдария ағынын тоқтатпаса болды. «Біз бәріміз бүгін бір қайықтамыз, ал сол қайықтың сырты шексіз космостық кеңістік» деп еді Ш.Айтматов бір сөзінде. Сол қайық Сырдария тартылса қайда ¬барып жүзеді?
«Сырдария» кітапханаларда шаң басып тұр. Біздің ауылда 40-шы жылға дейінгі латын әліпбиімен шыққан нұсқасы да сақтаулы. Шал-кемпірдің алып бара жатқанын талай көрдім. Латынға ауыстық, енді оқырмандар да көбейер. Қаріппен бірге қасиетіміз де өзгерер. Бұл да бесенеден белгілі сыр. Жіңішкеріп қалған өзеннің, оқылмай жатқан кітаптың сыры.
Қуандық ТҮМЕНБАЙ
«Ана тілі» газеті
anatili.kazgazeta.kz