ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БӨЛШЕК САУДА КӨЛЕМІ 21,7 ПАЙЫЗҒА ӨСКЕН
Статистика департаментінің хабарлауынша облыс бойынша 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бөлшек сауда 172641,9 млн.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (тұрақты бағамен) 21,7 пайызға өсті. 2014 жылдың қарашасымен салыстырғанда көлем 10,7 пайызға өскен.
Есепті кезеңде азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 70823,5 млн.теңгені құрап, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 24,9 пайызға жоғарылады. Сауда кәсіпорындарының өткізу көлемі 5,5 пайызға өсіп, тауар айналымы 48513,6 млн. теңгені құрады. Базарлар және жеке кәсіпкерлердің тауар айналымы 29,6 пайызға өсіп, жалпы айналым құрамының үлесі 71,9 пайыз болып отыр.