ҚЫЗЫЛОРДАДА БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ САҚТАЛУДА
Қызылорда аймағында азық-түліктердің бағасын қадағалау мақсатында тұрақтандыру қорын басқару комиссиясы, штаб және жұмыс тобы жұмыс атқаруда. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дәуірбек Әбуов мәлімдеді.
Басқарма басшысының айтуынша «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-на еншілес «Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС мен «Мирас» сауда орталығының арасында жасалған әріптестік келісімге сәйкес көкөніс өнімдерінің бағасын бекітілген шекті бағамен және базар бағасынан 15-20 пайыз арзан бағада сатылуда. Сондай-ақ жаңа жыл қарсаңында «Төмен баға» логотипі ілінген 4 сауда орындары ашылған.
«Өткен жылы облыс тұрғындарын сапалы және арзан көкөніс пен ауыл шаруашылығы өңдеу саласының өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 60 ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өткізіліп, 266 млн теңгенің өнімі нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен сатылды», - дейді Дәуірбек Кеңесұлы.
Облысқа қарасты аудандар мен қалада орналасқан сауда саттық дүкендерімен әлеуметтік маңызы бар тауарларға негізсіз үстеме баға қоспау мәселесі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сауда орындары иелерімен ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.
«Жалпы бүгінгі күні облыстық азық-түлік нарығындағы жағдай тұрақты, қандай да бір өнімдерге сұраныстың әлеуметтік маңызы бар тауарлардың жетіспеушілігі байқалмайды»,- деп отыр мамандар.
Фариза ОМАРОВА