ОБЛЫСЫМЫЗДА ҰРЫҚТАНДЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ
Ұрықтандыруға байланысты Алматы ЭКО орталығындағы мамандармен өткен жылы практика жүзінде тәжірибе алмастық. Биылғы жылы да тәжірибе жұмыстары жалғасын табатын болады. Бұл туралы «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сапар Рахменшиев хабарлады.
- Мамандарымыздың дайындық деңгейіне қарай Қызылордадан ұрықтандыру орталығын ашуды жоспарлайтын боламыз. Сонымен қатар жүрек, көз ауруы, эндокринологиялық ауруы бойынша порталға тіркелгендер саны көбейіп отыр. Және бір айтатын жағдай, бүгінде диагностикалық орталықтың таралатыны туралы алып-қашпа әңгімелер тарап жүр. Осы ретте диагностикалық орталықта білікті мамандардың шоғырланған халықтың еміне шипа беріп отырған орталық болғандықтан таралмайтындығын жеткізгім келеді, - деді басқарма басшысы.
Айта кету керек, Қызылорда облысы республика бойынша өкпе ауруынан 6 орында, бала өлімі бойынша 3-4 орындарда, қан қысы аурулары бойынша 9 орында тұр. Дегенмен 2011 жылмен салыстырғанда бала өлімі бүгінгі күні 30 пайызға төмендеген.
Шынар БЕКБАН