СЕНАТОР 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫН ҚАЙТА ҚАРАУДЫ ҰСЫНДЫ
Парламент жоғары палатасының депутаты Мұрат Бақтиярұлы ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовке жолдаған сауалында 12 жылдық білім беру жүйесінің мазмұнын қайта қарауды ұсынды.
«Егер министрлік 12 жылдық білім беруге көшуге ұмтылса, қазір ешқандай нормативтік құжат дайын емес. Апатты жағдайда тұрған мектептер, үш ауысымдық білім ошақтары бар, олар 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге мүлде дайын емес. Сондай-ақ ешбір сын көтермейтін оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі тағы бар»,- деп атап өтті өз сауалында сенатор.
«Қаржы дағдарысы жағдайында 12 жылдық білім беру жүйесінің мазмұнын қайта қарап, оған көшуді тоқтата тұрған жөн. Қазіргі 11 жылдық жүйе ең пәрменді әдіс болмақ», - деп толықтырды ол.