ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗДАНУ ЖӘНЕ ТАРАТПАУ БОЙЫНША ӘРЕКЕТТЕРІН ҚОЛДАЙДЫ
Қазақстан Республикасының және ядролық қарусыздану үрдісінің көшбасшысы ретінде танылған Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамаларын ілгерілету мақсатында Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігі 2014 жылы EastWest Институтымен бірлесе 2011 жылдан бастап жыл сайын ұйымдастырып жатқан Ядролық проблематика бойынша форумдардың төрт сессиясын өткізді, деп хабарлайды BNews.kz.
«БҰҰ-ға мүше жетпістен астам мемлекеттің өкілдері форумда ядролық қарусызданудың ең көкейкесті және өзекті мәселелерін талқылайды. Аталған іс-шара ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу бойынша пікірталас алаңы және халықаралық қауымдастықтың күш-әрекеттеріне қосар едәуір үлесі болып табылады», - деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Өткен жылы Форум әлемдік ядролық қарусыздану үрдісінің төрт өзекті мәселесін қарастырды.
Өткен форумдар ядролық қарусыздандыру саласындағы Қазақстан бастамаларының өзектілігін растады.Осыған орай, жұмысты ретке келтіру және сұрақтарын талқылау мақсатында бұл нәтижелі сұхбат алаңын қолдану үшін келесі жылы БҰҰ шеңберінде бірқатар сессиялар жоспарланған. Пікірталастарға БҰҰ мүше мемлекеттер делегациялары, халықаралық ғылыми-зерттеу және академиялық тотардың өкілдері, антиядролық қозғалыстың белсенділері, үкіметтік емес,соның ішінде қазақстандық ұйымдардың өкілдері қатысты.