ҚР Ішкі істер министрі ауысты
ҚР Ішкі істер министрлігінің басшысы болып Ерлан Тұрғымбаев тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұған дейін қызмет еткен Қалмұханбет Қасымов министр лауазымынан босатылған.
Ерлан Тұрғымбаев 2012 жылдан бері ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарып келген.
Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы 1962 жылы туған.
Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын Қарағанды облысы Саран қаласындағы ішкі істер бөлімінің қылмыстық тергеу бөлімшесінде бастаған.