Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Синоптиктер 12-13 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыс, шығыс бағыттан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететінін, жел екпіні 23 м/с болатынын болжады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
14 ақпанда облыстың кей жерлерінде солтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Дауыл тұру ықтималдылығы - 90-95%.
Сондай-ақ, 12 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сол күні Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Дауыл тұру ықтималдылығы - 90-95%.