ЖЫЛУ БАҒАСЫ АРЗАНДАДЫ
Үстіміздегі жылдың 1 қаңтардан бастап «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК тұтынушыларына жылу тарифы 3,6 пайызға төмендегенін хабарлады. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Нұрлан Пірімовтың мәлімдеуінше, тарифтің төмендеуі уақытша өтемдік тарифтің 2015 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылуында болып отыр. Егер бұған дейін тұтынушылар үшін тариф шаршы метріне қосымша құнға салынатын салықты қоса есептегенде 85,1 теңге болса, енді шаршы метріне 82,03 теңге немесе қосымша құнға салынатын салықты қоса есептегенде 1 Гкал 2848,13 теңге төлейтін болады.
Өзге де тұтынушылар үшін орташа есеппен тариф 3,6 пайызға төмендеп отыр.
Шынар БЕКБАН
Өзге де тұтынушылар үшін орташа есеппен тариф 3,6 пайызға төмендеп отыр.
Шынар БЕКБАН