Жүсіпбектің жиһазы — Топарда
Биыл халқымыздың біртуар перзенті, Алаш арыстарының бірі – Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына – 130 жыл. Жазықсыз жаламен 1931 жылы, небары, 42 жасында Мәскеудің Бутырка түрмесінде атылып, тек 1989 жылы ақталған оның соңында өлмес әдеби мұра қалды.Ол – ақын-жазушы, драматург, аудармашы, сыншы, публицист қана емес, он саусағынан өнері тамған сегіз қырлы, бір сырлы азамат болғанын бүгінде екінің бірі біле де бермейді. Сондай бір қастерлі дүние – Жүсекең өз қолымен жасаған жиһаз Абай ауданы, Топар кентіндегі Рамазан САДЫҚОВ ақсақалдың үйінде тұр.
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясы, Павлодар уезіне қарасты Қызылтау болысының бірінші ауылында (бұл күндері Павлодар облысы, Баянауыл ауданының Аймауытов ауылдық округі) туған. Қазақ топырағына қаншама дарын иелерін сыйлаған бұл өлкенің, туып-өскен ортасының өнерге жақын болғандығы оған да зор әсерін тигізгенге ұқсайды. Сол жайында 1928 жылы Смағұл Сәдуақасовтың сұрақтарына қайтарған жауабында өзі былай дейді: «Ақат ағам екеуміз де әрі молда, әрі етікші, әрі ағашшы, әрі домбырашы, әнші болып өстік. Әкем домбыра тартушы еді.
Ақатты бес жасынан алдына алып отырып, домбыра тартып үйреткен еді. Біздерден үлкен екі апамыз болды. Үлкені домбыра тартушы еді, хат танушы еді. Бізге өлең, ән үйреткен екі апамыз еді. Қадыкеш – үлкен апамыз, өлең де шығарушы еді, ұзатылатын қыз жолдастарына шығарған өлеңдерін ұрлап алып оқи беруші едік. Байы өлген қатындарға шешем (Бәтима ) жыр шығарып үйретіп отырғанын жас кезімде құлағым шалушы еді («Қазақ әдебиеті» газеті, 18.12.1988 ж.).
Кейіннен оқу, қызмет соңында жүргенінде де Жүсіпбек жасында үйренген өнері мен машық-дағдыларынан бір сәт те ажырамапты. Қалт етіп, қолы босаса, домбырасын бебеулетіп, әуелетіп ән салып, ағаштан түйін түйе бастайды екен. Тіптен, шаруабастылығына қарамай, жыл сайын елге келгенінде іссапарларында әр өңірден қағазға түсіріп алған ою-өрнек үлгілерін қыз-келіншектерге үлестіріп, сол бойынша тігін тігу тапсырмасын беріп кететін көрінеді.
Ал, келесі жылғы келісінде олар тігіп әзірлеген бұйымдар мен киім-кешекке байқау өткізіп, жеңімпаздарға өзімен ала келген сый-сияпаттарын таратады дейді. Мұны бізге осы Аймауытов ауылында тұрған марқұм қайынатам Дінислам Нұрғалиұлы жырдай қылып айтып отырушы еді.
Осы жолы Рамазан ағамыздың шаңырағынан Жүсіпбек өз қолымен жасаған жиһазды (суретте) көргенде, оның қапысыз шеберлігіне көз жеткізгендей болдық. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» дегендей, қызыл қынамен боялған кісі иығынан келетін бұл шкаф һас шеберліктің дәлеліндей. Үш ашпалы тартпасы бар оның «Біз Қу өңіріндегі Қаракесек – Шаншардың Бертісінен тараймыз», деп бастайды шкафтың тарихы туралы әңгімесін Рекең әріден.
«Ежелден біздің ел Баянауылдың өзімен қоныстас, Сүйіндік ішіндегі Күлік руымен қыз алысып, қыз беріскен құдандалы. Әжібек пен жұбайы Күлжай шешемізден қалған. Екеуі өткен ғасырдың бастапқы кезеңінде бас қосып, отау тіккенінде оны Жүсекең ауылдас туысы Күлжай Шәкібайқызына арнайы сыйға тартыпты. Одан бір жас кішілігі бар және өзі де Күлік Баймағанбет қажыға жиен Жібек, әкеміз нағашысына тартқан қасиет қонған әрі емші адам болатын.
Сонысына қарай және Аймауытовпен аралас-құраластығына байланысты тірлігінде біраз қудаланып, 1946 жылы қайтыс болды ғой. Ал, Күлжай анамызды 1957 жылы қолыма алып, 1990 жылы 92 жасында дүние салғанда ақ жауып, Қоянды ауылындағы бабалар қорымына апарып жерледім. Ол жерде Әжекең, әке-шешем бәрі қатар жатыр. Бастарына мазар тұрғызып, белгітастарын да қойғанбыз. Өзің көріп тұрған шкафты сол аяулы жандардың көзіндей әлі күнге шаң тигізбей, қастерлеп ұстап келеміз» дейді.
Шынымен де, Рамазан Құсайынұлының мұндай кісілігіне қалайша тәнті болмасқа?! Әйтпесе, осы сияқты ескілікті заттар мен нәрселерді қайсыбіреулер баяғыда-ақ не қоймаға, не күресінге лақтырып тастаған. Ал, біз бұрыннан білетін Рәкең ағамыз бұл қатарға әсте жатпайды. Арамызда жүрген кеудесі көмбе, көкірегі даңғыл санаулы қарттарымыздың бірі.
Онымен әңгімелесіп, сұхбаттасудың өзі бір ғанибет. Жасы сексеннің сегізіне келіп, құлағы сәл мүкіс еститіні болмаса, қарияның арғы-бергі шежіре-тарихтан шертері аз емес, өмірден көрген-түйгені де мол. Кешегі Кеңес дәуірінде бұрынғы Егіндібұлақ ауданында абыройлы қызмет атқарып, ел-жұрттың сый-құрметіне бөленген де. Алғаш еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған ол аудан шаруашылықтарында партком хатшысы, жұмысшылар кәсіподағы комитетінің, ауылдық кеңестер төрағасы болып, 1991 жылы зейнетке шыққан соң, отбасымен Топарға қоныс аударып, табан тіреген-ді. Шүкір, мұнда да Құдай берген қадір-қошеметтен кенде емес. Айтқандарын жастар аузын ашып, үлкендер құлақ қойып тыңдайды.
Қартайғанда басын сәждеге тигізіп, бес уақыт намазын да қаза қылған жері жоқ. Жасынан өлең сөзге әуестігі бар Рекеңнің қолынан қағаз-қаламы да түспейді. Үйіне қаншама газет-журналдар жаздырып алатын ол өзі сол басылымдарға үзбей материалдар жіберіп, жарияланып тұрады. Сондай «Әжібек атам мәңгі жадымда» деген тағылымды мақаласын («Орталық Қазақстан» газеті, 27.08.2013 ж.) оқыған кезде көктен іздегенім жерден табылғандай болғаны. Онда автор (Рамазан Садықов) заманында Жүсіпбек жасаған жиһаздың өз үйінде сақталып тұрғанын шет жағалай айтып өтеді.
Соны арнайы барып көріп, жұртшылыққа жарнамалаудың сәті енді түсті. Алайда, жоғарыдағы мақала облыстық баспасөзде жарық көргелі бес жылға жуықтап қалса да, селт етіп ол шкафты сұрастырған, іздеген бір адам болсайшы… Осыдан түңілген ақсақал былтыр Қоянды жәрмеңкесінің мерейтойы тойланғанда, сонда мұражай ашыла қалса, апарып тапсырмақшы да болған екен. Бірақ, ол үміті де ақталмаған.
Ендігі жерде Қарағанды облысының мәдениет, мұрағат саласын басқарып отырған лауазым иелері біздің осы жазғанымыздан кейін нендей қарекет қылар екен?! Әлде олар Жүсіпбекті жатсынып, жоқтаушысы жоқ жәдігерімізден жатырқаса, оның жерлестері павлодарлықтарға жалынып, жалбарынамыз ба?! Қысқасы, бұл құнды мүкәмал қай облысымыздың болсын, әрісі республикамыздың бас мұражайының нақ төрінен орын алуға лайық.
RUH.KZ