«СЫБАҒА» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 200-ДЕН АСТАМ ІРІ ҚАРА АЛУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру мақсатында өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасымен 200 бас аналық сиыр және 8 бас асыл тұқымды аталық бұқа алу жоспарланып отыр, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Осы көздеген жоспарды орындау мақсатында қалаға қарасты кент, ауылдық округтерден 6 шаруашылық құрылымдары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 60,2 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, алынған несиеге 296 бас жергілікті жердің аналық мал басын және 33 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқалар сатып алды. Осылайша аналық бас сатып алу межесі 148,0 пайызға, ал асыл тұқымды бұқа алу межесі 4 есе артығымен орындалды.
2013 жылы жалпы аналық мал басының тұқымдық түрлендірумен қамтылу үлесі 12,6 пайызды (930 бас) құраса, 2014 жылы 16,4 пайызға (1179 бас) жетіп отыр.