ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ 2014 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАЗАНЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2014 жылдың 1 қазанына тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды, «Казахстанская правда».
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44 бабы 2) тармақшасына, 1995 жылдың 28 қыркүйегіндегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау» туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69 бабына сәйкес, 2008 жылдың қазанында сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттары өкілеттіліктерінің конституциялық мерзімі аяқталуына байланысты қаулы етемін: 1. 2014 жылдың 1 қазанына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы тағайындалсын. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметі, Астана мен Алматы қаласы, облыс әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшіне енеді», - делінген құжатта.
Жарлықтың мәтіні ресми баспасөзде жарияланады.