Тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел, 33 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
Қызылордада 33 градусқа дейін аяз болуы мүмкін, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
5-7 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ;
5 ақпанда кей жерлерде жаяу бұрқасын;
5 ақпан күндіз-6 ақпанда кей жерлерде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с;
6 ақпан түнде ауа температурасының 18-23, кей жерлерде 28-33 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %. Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.