Конституциялық Кеңес Президент өтінішін қабылдады
Конституциялық кеңес Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өтінішін қабылдады.
Мемлекет басшысы кеңес мүшелерін Президент өкілеттілігіне қатысты Ата заңдағы 42-баптың 3-тармағына ресми түсіндірме беруді сұрады.
Онда былай делінген: «Республика Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Қызметінен кетірілгендерден басқасының Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің Қазақстан Республикасының экс-Президенті деген атағы болады».
Елбасының өтініші Конституциялық кеңестің отырысында қаралады.