ДЕПУТАТТАР 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТОҚТАТУДЫ ТАЛАП ЕТТІ
Депутаттар 12 жылдық білім беруге қайта қарсы шықты. Халық қалаулыларының ойынша, министрлік бұл реформаға дайын емес.
Биыл 1-ші қыркүйектен еліміздің барлық мектебі 12 жылдық білім беруге көшуі тиіс деп жоспарланған болатын. Алайда, оның жүзеге аспай жарты жолда қалатын түрі бар. Бұл жүйеге қарсы шыққан депутаттар оған бюджеттің қисапсыз миллиардтары жұмсалатынын білгенде жағаларын ұстаған. Кезінде мақтауын келістіргенімен, енді аяқ-асты 12 жылдықтан бас тарту керек деп отыр. Себебі білім ордалары жетіспейді. Оның үстіне елдегі жүздеген мектеп құлағалы тұр, әрі бала оқытатын білікті ұстаз да тапшы.
-Баланы 6 жастан берейік,бітті, болды, биыл күзден бастап 12 жылдық білімге көшеміз деп қанша келді министрлік басшылары. Алайда, 6 жасты 7-мен салыстыруға болмайды. Ерте жастан мектепке барған баладан не күтуге болады, миы шаршайды, денсаулығына зиян келеді. Мұнымен қоса, есептеп қарасақ, 12 жылдыққа көшіру үшін бюджеттің қыруар қаржысының өзі жетпей тұр. Байқасақ, әлі ештеме дайын емес, тіпті дені дұрыс оқулықтар да жоқ,- дейді Мәжіліс депутаты Галина Баймаханова.