ҚЫЗЫЛОРДА МЕКТЕПТЕРДІҢ БІРІНДЕ КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ ОҚЫТЫЛА БАСТАДЫ
Қызылордалық жеткіншектер кәсіпкерліктің қыр-сырын үйренбек. Қаладағы нөмірі 9 мектеп-гимназияда «Кәсіпкерлік негіздері» пәні тәжірибе ретінде енгізілген. Нәтижесі де жаман емес. Пилоттық жобаны Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен облыстық білім беру басқармасы және «Жастар жетістігі» қоғамдық қоры қолға алған. Ол бойынша алдағы жаңа оқу жылынан бастап аймақтағы барлық мектептер оқушыларға кәсіпкерлік негіздерін үйретеді.
10 сыныптың қыздары кәсіпкерлікке деген алғашқы қадамды нарық сұраныстарын зерттеуден бастады. Қолдан жасалған бұйымдарды елдің іздеп жүріп алатынын білген соң, іске кіріскен. Бизнес-жоспарларын әзірлеп, гобелен жасауды қолға алады. Бастаманы мұғалімдер де қолдап, мектептен шеберхана ашып, керекті жабдықтармен қамтамасыз еткен. Қазір қыздар жасаған дүниелер үлкен сұранысқа ие.
Лейла Халық, Қызылорда қаласы № 9 мектеп-гимназиясының оқушысы:
Бір моток жіп 100 грамм - 750 теңге тұрады, мына бұйымға 250 грамм кетті. Оның бағасы 1875 теңге болады. ПВА клейіміз бар, ол 450 теңге. Бөз мата 200 теңге. Сонда барлығы шикізатқа кеткені 2525 теңге. Және өз жұмыс күшіне қосатынымыз бар және де өзіміздің үстеме қосатын пайдамыз - сондағы барлығы 7500 теңге. Бұл өте қымбат емес.
Жас шеберлер өз бұйымдарын базарға шығып сатпайды. Сабақ барысында шеберханада аукцион ұйымдастырылады. Ол үшін мұғалімдер таныстарын, ал қыздар өз аналарын шақырады. «Түскен қаражатқа шикізат сатып аламыз», - дейді.
Әнел Әмір, Қызылорда қаласы № 9 мектеп-гимназиясының оқушысы:
Осы сабақта жастайымыздан ақша тауып, өз қаражатымызды дұрыс жұмсауды, үнемдеуді үйренеміз. Оған қоса, болашақ кәсібімізді таңдауға да көмегі зор. Біз әрбір теңгенің қадірін білеміз.
«Кәсіпкерлік негіздері» пәні мектепте 5 сыныптан бастап оқытылады. Ұстаздар оқушылардың қызығушылығы жоғары деп отыр. Сабақ барысында балалар ойлауға, өздігінен сараптауға машықтанады. Табыстарын дұрыс санап, бизнес-жобаларды дайындауды да үйренбек. Біз қатысқан 8 сыныптың сабағында оқушылар компания құрып, банктен несие рәсімдеу негіздерін үйренді.
Сәуле Шайхисламова, Қызылорда қаласы № 9 мектеп-гимназиясының оқытушысы:
Біз өнімімізді жаңартамыз және де ғылыми жобаларға ақша беріп, біз бұйымымызды басқалардікінен өзгеше қылуға тырысамыз. Осы ақшаларды дұрыс есептеп алып және бұйымның өзіндік құнын шығарып, оқушылар осы сабақта қанша пайда көретінін біледі.
Жанна Сқақова, Қызылорда облысы Ұлттық кәсіпкерлік палатасының бөлім басшысы:
Жаңа оқу жылынан бастап бұл сабақ облыстың барлық мектептерінің кестелеріне енгізіледі. Ол үшін 40 мұғалімді арнайы семинар-тренингтен өткіздік. Қазір мектеп емес, жоғары оқу орындарын бітіріп, диплом алып, қайда, кім болып жұмыс істеймін деп бас қатырып отырған жас мамандар аз емес.
Палата мамандары кәсіпкерлік бойынша дәріс алған оқушылардың болашақта жұмыссыз қалмайтынына сенімді. Арнайы мониторинг нәтижесіне сай, қызмет көрсету саласында да мамандар үлкен сұранысқа ие. Сондықтан нарықта өз орнын табуға оқушылардың білімі де, тәжірибесі де мектеп қабырғасында қалыптаспақ.
Шарипа САҚТАПОВА