Алдашбай ахун жайлы әңгіме
Қожакелді Жүніс молданың Алдашбай ахун жайлы әңгімелері
Сол, 1988 жыл. Шілде айы. Сабыт жыраудың үйінен шығып, аудан орталығында тұратын Жүніс молданың үйіне қарай Тынымбек нағашым мәшинесін жолға салды. Жолбасшы – Тұраш ағамыз (1918-2004). Бір аяғын сылтып басатын орта бойылы, үлкенге де, кішіге де «айналайын» деп сөйлейтін осы жанның ата-анамыз бен өзіме деген көңілі ерекше болды.
Бұл кісі – Кете, Қарабазар аталығынан. Атақты «Сыр сүлейі» атанған Шораяқтың Омарының аулының, туысқан жігіттері. Үкімет ісіне жастай араласқан кісі. Аудан көлеміндегі халыққа қызмет ететін бірталай мекемелерде жұмысын аброймен атқарған, елге сыйлы жан. Ағартушы, педагог адам. Кеңес заманында Мәскеуге арызданып, 1928-30 жылдары Ауғаныстанға өтіп кеткен туысқаны Көздібайұлы Айдар палуанды Мәскеудегі Жоғарғы Кеңестің төрағасы Подгорныйдың атына шағымданып, елге келтірген де өзі… Айдар палуан елге келгенде әкеміз, тусқандары; Дастан ишан, Ысап қожа, Бұхарбай қожалардың хабарын сол кісіден естіп, баладай қуанғанын көрдім… Бұл кісі, капиталистік мемлекеттен 1970 жылдары алғаш шетелдегі туысқандарының бірнеше отбасын көшіртіп алған, білімі бір басына жетерлік жан. Бала жырау кезімнен жолыққан кезде, қамқорымды соғып, ақыл-кеңесін беріп жүреді.
Ал, Жүніс молда (1901-1989) әкемнің дос адамы болды. Атақты Бостан бидің баласы. Шөмекей тайпасының Қожакелді аталығынан. Бұл кісі Бұхараны орыс алғанда (1920-1925 ж.) сонда ұсталып, түрмеге түседі. Өзі біз көрген Бұхара медірессесінен білім алған, санаулы жандардың бірі еді. Туған ағасы Әбдікәрім, «Мирараб» медіресесін бітірген, Бұхари-шарифке белгілі, ғұлама кісі болады. Одан әрі 1917 жылы, патша тақтан құлағанда халықты жинап, кеңес өткізіп, Қармақшы вокзалындағы Николай патшаның суретін жұлып алып отқа жаққан Қаблан батырдың інісі. Қожакелді Қаблан батыр 1929-30 жылдардағы кеңес үкіметіне қарсы халықты бастап көтеріліске шыққан белгілі тұлға...
Осылай ой қуалап отырғанда, әне-міне дегенше, Жүніс молда әкеміздің үйіне келіп тоқтадық. Тұраш аға бастап сәлем бере үйге ендік. Ауызғы бөлмедегі әйел кісі тез қимылдап, төргі бөлмеге өтіп көрпеше сала бастады. Қараңғыланған бөлменің терезесін ашқанда, кең бөлменің сол жағындағы «Болскй»* керуеттің үстінде жатқан Жүніс әкеміз дауысымызды есітіп, тұрып, тақиясын киіп, сыртынан сәлделеп орамалын орап жатыр екен. Тұраш ағамыз, дауыстап сәлем беріп, қалғанымыз кезекпен қол алысып, төрге өтіп жайғастық. Бұл кісіні бұған дейін, 1976 жылы, тамыз айында «Жаңақала» совхозына әкемнің «жыл асына» келген: Дәрхожа ишаннаң балалары Бекмұрат қожа, Шамұрат қожа, Алдашбай ахуннуң баласы Асан мақсым және Мінәж мақсым, Бәйіш қожа, Сәт молда, Машарап молда, ақын Әлиакбар Жұматаев т.б. бастаған ғұламаларға «хатым құран» шығартқанымызда, үйде екі күн қызмет жасағанмын… Содан кейін көріп тұрғаным. Үстінде ақ көйлек, ұзынша ақ сақалды, ашаң, аққұба өңді, Жүніс молда өзіне арнайы төселген төрт қабат көрпешеге, керуеттен түсіп жайғасты. Бір аяғы дізеден төмен кесілген, қара шибархұт шалбарының балағын астына қайырып отырды. Мәсісі киілген жалғамалы аяғы, таяғымен бұрышта тұр. Бір аяғында нағашым Оспанның (Қисықтың баласы) тіккен шегелі мәсісі. Өкшесіне салған былғарыдағы өрнегінен танып отырмын. Әкем мен әжеме талай мәсісін тасығанмын… Ауданда тек сол адам ғана, үлкен кісілерге арнап мәсі тігеді… Тұрекең амандық-саулық сұрасып болған соң:
– Жүке, мына келген жігіттерді таныстыра отырайын. Сізге, арнайы сәлем беруге Нұрмахан қожаның баласы, Алмас келіп отыр. Қазір, Алматыда қызметте. Жырау. Сырдың ақын-жырауларының сөзін алыс шетелдерге таратып жүрген азаматымыз. Осы Алмастың себебімен басымыз қосылып, Тұраш қожа, «Сейтпенбет әулиенің» тұқымы, мына жігіт Қаратамыр Тынымбек деген жігіт. Менің қызымды алып отырған күйеу балам. Себеппен сәлем беріп, келіп қалдық. Алмас балаңыз Сізге ат басын бұрып әдейі келе жатыр, ескілікті әңгіме жазып аламын деп. Оның үстіне апамды алған жезделігіңіз бар, өнемейін жолыға бермейміз, біз де әңгіме тыңдайық деп келіп отырмыз. Өзіңіз, Қожакелді Бостан бидің тұқымысыз, айтатын сөз табылатын шығар? – деп тоқтады. Сонда Жүніс молда:
– Әй, Тұраш-ай! Өзің оңбағасын, жұртқа әкеңді айтып, қайтіп мақтанасын?!… Біз, 87-ге келген бір, жаман шалмыз. Менің «бар құдайымды» жоқ қылдың. «Жоқ құдайдың» сендерге несін айтайын?!… Сенің «тас құдайың» (Ленин) күнде алдыңда тұр. Соның әңгімесін «қожаға» айтып бермейсің бе? Қазіргі әңгіменің бәрі сол болып тұр ғой?! «Аузыңды ашсаң, артыңа бәле жабысатын» заманды көрдік қой, – деді.
Тұрекең қоштап:
– Ойбай, Жүке-ау! Кешегі заманда, осы ауданда «құдайсыздардың ұйымы» құрылып, әйел, бала демей бәрімізді соған мүше қылып, «Қожа менен молданы, Қойдай қуып айдаймыз» деп ән салғызып қойды ғой. Ол кезде жас баламыз. Небір, қожа, ишан, молда кісілер вокзалдағы НКВД-ның аузында далада, қойдай көгенделіп отырғанын көрдік. Ойпырмай, сол адамдардың қасына жан жолатпай неше күн ұстаса да отыратын. Сосын ашық вогонға тиеп жіберіп жататын. Құдай білсін, соңы не болғанын?.. Солардан бір адам қайтып келді дегенді, есіген жоқпын, – деп еді, сонда Жүніс молда:
– Айдалмай, тілегі қабыл болып, аманат жанын Аллаға өз өлшемімен берген Алдашбай ахун (1858-1936) ғана болды. Шын, ілімдар адам еді. Кешегі, 28-жылғы «бай талаудан» соң, ел іргесі сөгіліп, босқыншылыққа ұшырады. Елдің алды Ауғанстанға өтті, берісі Өзбекстан мен Тәжікстанға шашырап, босып кетті. Аштан қырылған елде есеп жоқ, ақ сүйек болып шашылып қалды… Алла, оның бетін әрі қылсын! Алдашбай ахунға ағайындары, Көздібай балалары «Бірге кетейік», – дегенде:
– Ай, шырақтарым – біз жасы келген адамбыз. Маған алаң болмаңдар. Осы мешітте болармын. Алланың жазуынан артық ештеңе болмайды! – деп қала береді. Қасына жаңадан үй болған, жас жігітті қалдырып, ел шұбырып кете барады. Сол жігітті көрдім. Қарабазар Кете Есболат деген кісі еді. Сол айтады:
– Ашаршылық басталып, Алдашбай ахунның мешітіннің басында жалғаз қос болып қалдық. Әйелім мен бір балам бар. Ахун жасы жетпістен асқан уақыты. Ел ызы-қиқу бірі-біріне қарамай босып, жөңкіле көшті. Түнде Әлі деген ағамыз шақырып алып: «Шырағым, Алдашбай ахунның қасында қал. Жастарға үкімет тимейді. Өзіміз қараудар болармыз» деп, тапсырды. Елден айрылып кетерінде Қадір көкем (1888-1960 ж., Ауғанстанда қайтыс болды) үш қайтара соғып тағы аманаттады. Ахунмен еңіреп, жылап айрылысты…
Мешіттен белсенділер қуғындап тастаған, әріректеу, екі төбенің ойында отырмыз. Міндетіміз осы кісіні бағу, қасында болу… Азын-аулақ дән-талқанымыз тусылып, қоян дұзақ құрып жүрмін. Күніне бір қоян ілінеді. Кейде болмай қалады. Қоянның қара сорпасынан бір кесе ішіп, алдына қойған жон етінің жарысын жеп, жарысын бізге береді, жарықтық. Белсенділер мешітті жауып, жарысын бұзып, кесектерін мал қора саламыз деп алып кеткен. «Мешітке барған адам жазаланады»-деп, қойған. Бұл кісі, жұма намазды сонда барып жалғыз оқиды. Таң атпай дұзақтарымды көруге кетемін. «Аштың, аңы жүрмейді»-деген, сол күні бір қоян түсіп, қайтарда мешітке соқтым. Аузын бастырып тастаған шеңгелдің бір шетінен адам сиярлықтай ашып содан кіріп жүр екен. Қыркүйектің соңы. Күн салқын. Ол кісі намаз оқып отыр екен. Дізерлеп арқа тұсынан отырдым. Бетін сипап болып, әрі қараған күйі:
– Келдің бе балам? Сені күтіп отыр едім. Фатима апаң келіпті ғой, екі баласымен-деп, тосын хабар айты. «Құдай-ау бізді кім іздеп келеді?» – деп, жан-жағыма қарап:
– Әке, Фатима апам, Жаңадариядағы Аспан-Шөмекейлерге ұзатылған жоқ па? Олар мына заманда қалай жетеді? – деп қасына жақындадым. Бұрылып маған қарағанда кеудесін жапқан ақ сақалын бойлап аққан жасын көріп, жүрегім дір ете қалды. Бір сұмдықты сезіп, шошып кеттім. Одан әрі Ахун өзінен-өзі:
– Айналайын, әлдеқалай жүргіншілерге ілесіп, талықсып жеткен ғой… Мешітте ел бар деп келіп, бар үмітін сарқып жылай-жылай жан кешіпті, пахырлар…
– Алла, дауыс жетер жерден перзенттерімнің дидарын бұйырпағаны?! – деп бетін сыйпап, орнынан көтерілді. Мешіттің бір жағы опырылған бөлмесіне кіргенде, бұрышта бір-біріне тығылып өліп жатқан адамдарды көрдім. «Фатима апа!» – деп айқайлап жіберіп, босағаға отыра кеттім… Одан соңғысы өң мен түстей… Жылап жүріп мешіттің құбыла бетінен орын дайындап үш мәйітті де бетін жасырып, үстін сексеуіл, томармен бастырып боламын дегенше күн батып кетті. Ахун, басында отырып ұзақ аят оқыды. Қосымызға түннің бір уағында жеттік. Келгесін де дәретін алып сыртта ұзақ отырды… Фатима, бұл кісінің өзі баурына басқан немересінің үлкені еді. Мешіттен тәлім алған, әдемі, көрікті жан еді. Аспан Айымқұл байдың баласына ұзатылған болатын. Айымқұл бай әдепкі байталауға ілікті. Екі баласын жетектеп «төркініме жеттім-ау» дегендегі, бауыр еті баласының тағдыры Ахунды есеңгіретіп тастады… Сол күннен бастап Ахун мешітке күнде баратын болды. Екеулеп есігін түгел ашып, ішін сыпырып, отыратын жеріне шомдап* қамыс төсеп бердім. Күн де салқындап бара жатыр… Босқын адамдардың қарасы көбейді. Мешітке соғып, жан-жаққа бас сауғалап тарап жатады. Көбі жүруге жарамай, сол жерде өліп жатыр. Біздің жұмысымыз қолымдағы қалағыммен соларды көму. Бұл 32 жылдың салқын күзі еді. Бір күні дұзақтарымды аралап, қосқа келсем әйелім жылап отыр.
– Не болды? Ахун қайда? – дедім дегбірім кетіп.
– Атам, қоштасып: «Балам бүгін мешітке барып Алланың аманатын тапсырамын. Өздерің де ашықтыңдар. Күн суытты. Елге қосылып, бастарыңды қайттаңдар. Кішкене нәрестелерің бар. Қызметтерің Алладан қайтсын!» деп батасын беріп, мешітке кетті, – деді.
Жалғыз аяқ жолмен жан ұшырып, жүгіре жөнелдім. Мешіт едәуір жерде еді. Екі төбеден асып, мешітке әу дейтін жерде Ахун жалғыз аяқ жолдың үстінде жүресінен мешітке қарап отыр екен, жетіп келдім. Ахун екі қолын алдына ұсынып, алақанын жайып ұстап отыр. Ортасында бір қоян я, қашпайды, секіріп-секіріп қайта отырады. Келе сала:
– Әке мынауыңыз не? – дедім.
– Ай, шырағым-ай! Бүгін Алланың аманатын тапсырғалы келе жатыр едім, мына жарықтық жолымды байлап отырғаны. Былай-былай апарып қойсам да, жолымды кескестеп тұрып алады. Не істерімді білмей отырғаным ғой, – дейді жарықтық.
Қоянды құлақтан бұрап алып, мауыздап, Ахунды алып қосқа қайттым. Жылап келе жатырмын…
– Әке, еш жаққа кетпеңіз. Сізді қалайда асыраймын. Менің Алланың атымен мойныма алған бар жұмысым сол. Қысылмаңыз. Сізді, маған аманаттап кеткен, Қадір көкемнің қияметте жүзін қалай көремін?-деп, қатты жыладым… Үш жасымда ата-анасыз жетім қалып, Қадір көкем (Қадір жырау) жеткеріп, үйлендіріп бойымды тіктегенде мына заманға тап болдық…
– Алла, тілеуіңді берсін! Айналайын жылама. Көздің жасы ауыр болады балам, – деп жұбатты…
Алланың құдыретінде шек жоқ! Сол күннен бастап дұзағыма күніне екі қояннан түсті де отырды. Қарнымыз тойып, ас ішетін қалге жеттік. «Бұзаубас» деген шөптің басында үш түйір дәні болады. Қалың өскен жерінен бір қалтасын теріп аламын. Сорпаға салсаң атала болып езіліп, адамға әл болады. «Сыры тікен» деген шөпті шәй орнына қайнатып ішеміз.Төбенің күнгейінен жер кепелеп қазған қосымды кеңейтіп, қысқа дайындадым. Жағдайымыз жақсарып қалды… Бір күні, дұзағымды аралап қосқа келгенім сол еді, мешіт беттен екі атты шыға келді. Жүрегім солық ете қалды. Ахун тәңертең мешітке кетіп еді… Жақындағанда таныдым, белсенділер екен. «Аттарын естігенде, бесіктегі бала, жылағанын қояды»-деп, халықтың «лағнетіне ұшыраған», өзімнің ағайындарым… Қорыққаным сондай, тұрған орнымда қазықтай қатып қалдым. Әйел, баланы алып қосқа кіріп, дауыс салып жылай бастады. Өзіме етіжақын ағайыным бұрын жетіп, әке-баба зузатымнан жіберіп, келген бойда қақ маңдайымнан қамшымен салып өтті. Айқайынан түсінгенім: «Мешітті неге ашасындар?! – деген сөз. Екі көзімді қан жуып кетті. Өзекті қамшы* екен, басым айналып құлап түстім. Одан соңғы қамшының ұрғанын сезген жоқпын. Бір есімді жисам, лаулаған өрт, қызыл жалын… Қос өртеніп жатыр екен. «Әйел мен бала кетті-ау!» – деп жан дәрмен ұмтылғанымда, желкемнен ауыр соққы тиіп қайта құладым… Одан соң, екі аттың үзеңгісіне екі қолымды қайырып басып, сүйретіп келе жатқанда есімді жидым. Әйел байғұс баласын баурына басып, етік басы қарды кешіп, жалаң аяқ, жалаң бас бет-аузы қан жоса, атпен өкшесін бастырып қуғаннан, мешітке қарай етегін басып сүрініп, жүгіре басып келеді екен… Ол да жетім, мен де жетім… Біз сорлыға, қара жердің үстінде орын жоқ па?!… Құдайдың қайыр бір тимеді-ау!? деп көзімнен жас ыршып кетті… Сол бойы, атқа сүйретіп мешітке әкелді. Мешітте Ахуннан әскер киімінде бір адам жауап алып отыр екен. Қалған үкіметтің үш адамына, мені әкелген екеуі қосылды. Мені әлге екеу, сүйрелеп есіктің алдына әкеліп отырғызды. Есімді енді жинап Ахунды да, үкімет адамын да көріп отырмын… Мен келгеннен кейін де, едәуір сөйлесті. Үкімет адамы құрани тілде сұрақ қояды, Ахун жауап беріп отыр. Біз түсінетін әңгімелер емес… Байқағаным, үкімет адамы орыс емес. Әлден соң, өкімет адамы қойнына қолын салып, бір буда ақшаны Ахунның алдына қойды. Ахун:
– Бұл дүние, бізге тиесілі емес. Бұныңыз, артық әрекет, – деді.
Үкімет адамы:
– Сіздің үкіметке ешқандай зияныңыз жоқ. Сіз, таза ілімнің адамысыз. Мына ақша, менің өз ақшам… Енді сізді, елге көшіреміз. Қасыңдағы балаларың колхозға мүше болып, еңбек етесіндер дегенде, қуанғаннан егіле бердім… «Бас жарылса, бөрік ішінде»-деп, осылай әуелі құдай, Ахунның ілімінің арқасында «Майлы өзектің» табанындағы елге қосылдық… Әлгі үкімет адама мұсылманша жетік, башқұрт жігіті екен… Белсенділер: «Алдашбай ахун, мешітті қайта ашып адамдарды жинап жатыр»-деп, үкімет адамдарына хабар беріп, ұстауға келген екен… Бұл хабар халыққа тез тарап, енді белсенділер молда менен қожаны көрсе қамшының астына алып: «Сендер шын молда болсаңдар, Алдашбай ахун секілді үкімет адамы сендерге неге ақша бермейді?» деп сабайтын болды, – дейді сол Есболат.
– Әй, Тұраш-ай! Надандықтың шет-шегі бола ма?! Бар бәле өзімізден шықты! Көзімізбен көрдік қой… Есболаттан бір қыз қалды. Өзі, кешегі соғысқа алынып, ізсіз кетті -деп, Жүніс молда әңгіменің бір қайырымын бітірді.
Әңгіменің салмағы жүрегімді езіп жібергендей, еңсемді зорға көтердім. Жүніс молданың жүзіне бажайлап қарадым.
Ақыл-ілім, парасаттың безбеніндей асыл адамдар…Мұншама қарапайым болар ма?!… Біздің қоғам, бұларды «қожа, молда» деп, қауымнан аластап тастағалы қашшааан… Жақынды, жатқа санап, есекті, атқа санап – келген жеріміз мынау… ( «Коммунизм», «Демократия» т.б… ) Ел ішін аралап, ескі әңгіме іздеп жүрміз… Әңгіменің әсерінен Тұраш ағамыз:
– Ойпырмай, Жүке-ай! Аман болыңыз. Әңгімеңізді қимаймыз ғой-деп, жатыр. Онда Жүніс молда:
– Қимасаң, келіп тыңдамайсын ба?
– Ойбай-ау, Жүке-ау, соған қол тимейді. Құдажолы-той, т.б. – деп Тұрекең ақталып жатса, молдекең:
– Әә, Тұраш, ертең «ана жайға» барамыз. Сонда қол босайды. Онда, әңгіме айтпай не қыламыз?! деп басын изеп, ишара жасады. Оған, Тұрекең:
– Ойбай-ау, Жүке-ау! «Ана жайыңыз» о дүние ме?
– Әлбетте. Дүниеге келген жан, асылына қайтады ғой…
– Ол дүниеде бізді, сіздің қасыңызға жібере ме? Кеше «Құдайсыздар ұйымына мүше болдық». Комунис, партия қызметінде болдық, іштік-жедік т.б. Мұсылманша саутымыз тағы жоқ. Ертең дозақтың отына бізді жағады ғой. Оның жолы қалай болады?
– Әй, Тұраш, сен шынымен де ештеңе білмейді екенсін ғой!? Сен, қияметтің көпірінен атқан оқтай өтесін. Сенің жолың жеңіл болады. Ол жерде, біз сорлаймыз. Алла, «білдірмегенін», «білмедің» деп, пендесінен сұрақ алмайды. Білмегеннен істедің емес пе?
– Я, я Жүке, білмегеннен істедік қой…
– Қияметте «білгеннің» жолы ауыр болады. Алла, бізден сұрайды – «Менің білдіргенімді, сен неге балдызың, Тұрашқа білдірмедің?!» деп, сонда біз не дейміз?.. «Оның қолы тимеді»- деген, сөз онда жүрмейді. Әне, дозақтың отына » сол уақытта сен үшін» біз күйеміз-ғой! Алла, әділ. «Біз, сенің қасыңа жеткейміз да»-деп, жылаймыз… Әлі, алда неше түрлі сұрақ бар… – деп тоқтады Жүніс молда.
– Ойпырмай, Жүке-ай!… Ойпырмай!.. Біз қожа, молданың жолы жеңіл деп, жүрсек, өз-жүгіңізді өзіңіз мұнша ауырлатқаныңыз қалай? –деп, Тұраш аға сөз аяғын әзілге сүйеп күліп жіберді.
Онда Жүніс молда:
– Қожа, Пайғамбар әулеті. Оның Алла, қаны мен сүйегіне сол қасиетті берген. Мұсылман баласының тіріде – пірі. Өліде – туы болып – «Сейтпенбет әулие», «Мағзаман әулие», «Мүсірәлі» т.б. болып ата-бабаң қолдап келген қожаларымыз! «Нанның ұсағынан, қожаның ұрпағынан сақтан» деп, атаң қазақ айтып кеткен.
Молда – «Молла су мілләт». «Халықтың оқытушысы» деген сөз. Олардың алдын қырып, соңын түрмеге тығып жоқ қылды. Соңында бүтін жұрт, не берсең соны ішіп-жейтін дәрежеге жетті… Осы бүгін, үйдегі келін дүкенге нан алуға барса бір қалаш нанға, екі бөтелкі арақ қоса аласын деп, беріп жіберіпті… Біреудің баласы үйленіп той жасайды екен, соған арақ жинап жатыр деп, апарып беріпті. Сірә, тойлығы болар… Әй, Тұраш-ай! Арам мен адалды айырмағасын, «адамның хаюаннан қыйы өзге» халге жетеді… Қожа мен молданы қырғандағы тапқан пайдамыз ғой… Әр істі, Алла біледі!
Дайындаған Алмас АЛМАТОВ