ҚЫЗЫЛОРДАДА ДЕРБЕС НЕСИЕ ЕСЕБІН ХҚКО АЛУҒА БОЛАДЫ
Несие есебін орталықтың 3 бөлімі береді. Ол өткен жылдың шілде айында Астанадағы халыққа қызмет көрсету орталығының екі бөлімінде іске қосылған болатын. Халық арасында жетістігі болғасын, осы қызметті Қазақстанның 53 бөлімінде іске қосу жөнінде шешім қабылданған. Алдағы уақытта өзінің несие есебін еліміздің барлық ХҚКО тұтынушылары біле алады.
Дербес несие есебін жеке куәлік немесе төлқұжат арқылы 15 минут ішінде алуға болады.
Дербес несие есебі дегеніміз қарыз алушының барлық несие міндеттемелері туралы ақпаратты құрайтын құжат. Онда қарыз алушының өзінің мәліметтері және әрбір несие бойынша толық ақпарат – несиенің жалпы сомасы, несие мақсаты, несие туралы мәліметтерді ұсынған банк немесе қаржы ұйымын көрсетумен несие бойынша кепіл туралы ақпарат көрінеді. Сондай-ақ онда тұтынушының банк қарызын адал өтеу жөніндегі ақпарат бар: төлемді мерзімінде төледі ме, мерзімді өткізуге жол берді ме және ол қашан жабылған. Бүгінде несие тарихы қаржылық паспорт секілді банктер және несие ұйымдары үшін несие беру туралы шешім қабылдаудағы құралдардың бірі болып табылады.
Қызмет ақылы көрсетіледі. ХҚКО арқылы өзінің несие тарихын бастапқы алу 250 теңге, екінші рет – 650 теңге. ЭЦҚ болған жағдайда қызметті «Электронды үкімет» порталы арқылы алуға болады.