ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІ ҮШІН АЙЫППҰЛДАР КӨЛЕМІ 50%-ҒА ТӨМЕНДЕДІ
Жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты айыппұл мөлшері 50%-ға төмендетілді, деп хабарлайды primeminister.kz сайтына сілтеме жасаған Businessnews.kz.
Бұл туралы ҚР әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина айтқан.
«Бұрын шағын және орта кәсіпкерлер бірдей көлемде айыппұл төлесе, енді шағын кәсіпкерлерге салынған айыппұл орта кәсіпкерлермен салыстырғанда 50 пайызға азаяды», — деді З.Баймолдина.
Сонымен қатар, оның айтуынша, шағын және орта бизнес субъектлері құқық бұзған жағдайда жауапкершілік деңгейінің түрлі дәрежесі қарастырылған.
«ҚР әділет министрлігі ең алдымен Мемлекет басшысы берген барлық тапсырмаларға сүйеніп, өз күшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы бұрынғы кодекстің жазалаушылығын төмендетуге жұмсады», — деді вице-министр.