ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ҚАР ЖАУАДЫ, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық ағындардың ықпалында болғандықтан, қар жауып, бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің күшеюі түнде 15-20, кей жерлерде ұйтқуы 25, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасынды, тұман, көктайғақ болады, желдің күші түнде кей уақытта 15-20, ұйтқуы 23 м/с-қа, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын көтеріледі, тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с. Павлодар, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл аймағында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.