Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жаңа басшы келді
Қызылорда қаласы әкімінің 2019 жылдың 25 қаңтар күнгі өкімімен Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы "Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Алмасбек Әбілқасымұлы, 1982 жылы 8 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2002 жылы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінде, 2005 жылы Қызылорда гуманитарлық университетінде, 2013 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінде және АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатының ДЮК университетінде білім алған. Саясаттану ғылымдарының магистрі.
Бұған дейін Қызылорда облыстық және қалалық әкімдіктің аппаратында қызметтер атқарды. Тасбөгет кенті әкімінің орынбасары, Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.