ОТЫЗҒА ЖУЫҚ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
«Даму» Қоры жаңадан кәсіп ашатын және жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында бизнестерін дамытуға қолдау көрсетіп келеді. Осыған орай, өткен жылы Аймақтық Үйлестіру Комиссиясымен жалпы құны 5 млрд. 436 млн.теңге болатын 78 жобаны субсидияландыру бойынша мақұлдады. Шағын және орта бизнес өкілдерінің 69 субъектісін субсидияландыруға келісім-шарт жасалды және 3 млрд. 619 млн.теңге құрайтын несие портфелінің үстеме пайызы 7-ге төмендетілді. «Жаңа бизнес инициятиваларды қолдауға» бағытталған «БЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында несиелерді кепілдендіру бағдарламасымен жалпы құны 449,5 млн.теңге болатын 32 келісім шартқа қол қойылды, оның ішінде 11 старт-ап жоба екінші деңгейлі банктерден несие рәсімдеуге қажетті Даму қорының 70% кепілдемесіне ие болды. Атап өтсек, «ЖК» немесе «ЖШС» ретінде тіркелген уақыты 1 (бір) жылға толмаған кәсіпкерлерді несиелендіру бойынша Даму Қорымен бірлесіп жұмыс атқаратын екінші деңгейлі банктер қатары артты. Олардың қатарына «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «АТФБанк» АҚ және «Сбербанк России» АҚ қосылды. 2014 жылы кәсіпкерлердің несиелеріне төленген субсидия көлемі 662,87 млн.теңгені құрады.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы «БЖК 2020» бағдарламасының төртінші «Кәсіпкерлік құзыретті арттыру» бағыты аясында бастауыш және жұмыс жасап тұрған ШОБ өкілдерінің әлеуетін арттыруға бағытталған түрлі семинарлар ұйымдастырып, қаржылай емес қолдау бағдарламаларын белсенді жүзеге асырып келеді. Бүгінгі таңға аймақта кәсіпкерлер тарапынан мемлекеттік қолдау аясында тегін өткізілетін екі күндік оқыту курсына қатысуға деген үлкен сұраныс байқалады. Мысалға, 2013 жылы жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің басқару саласында кездесетін қиындықтары мен бизнестегі білімі болмауынан кедергілерге ұшырап отырған кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Бизнес-Кеңесші-2» пилотты оқыту курсына, 48 Қызылордалық кәсіпкер қатысса, 2014 жылы Жобаға қатысушылар саны 190-ға жетті.
«Бизнес-Кеңесші-2» жобасы аясындағы семинарға Қазақстанның білікті бизнес-тренері, сертификатталған коуч, МВА Kingston University USA тыңдаушыларының таңдауы ретінде танылған «Лидер болуда жаңа қадам – дағдарыстан шығу жолы» атты кітаптың авторы Бектас Жолымбетов арнайы шақыртылды. Қазақстандықтар арасында аса танымал болып үлгерген «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша, 862 кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік әлеуеті бар тұрғындар оқып шықты. Барлығы Қормен облыс бойынша 19 семинар –тренинг ұйымдастырылып, 10 семинар облыстың аудан орталықтарында, 9 семинар облыс орталығында өтті.
Жаңадан кәсіп бастаушы азаматтардың білім деңгейін арттыруға бағытталған тағы бір жоба «Жас кәсіпкерлер мектебі», аталған жоба 2014 жылы «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» базасында жүргізілді. Бұл жобаның ерекшелігі, 18 бен 29 аралығындағы жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету болып табылады. Жобаға белсенді қатысушы жас әрі мақсатқа ұмтылған азаматтар 12 күн бойы кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқи отырып, өздігінен бизнес-жоспар жасауды үйренді. «ЖКМ» жобасына барлығы аймақтың 60 жас тұрғыны қатысып, өздері жоспарлаған жеке бизнес идеясын жүзеге асыруға алғашқы қадам жасады. «Аға сеньорлар» компоненті "БЖК 2020" бағдарламасының кәсіпкерлік әлеуетті арттыруға арналған 4-ші бағыты жергілікті кәсіпкерлер өз бизнесін жаңа халықаралық талаптарға сәйкестендіру жолында Аға сеньорлардың қызметіне жүгіне отырып, олардың қызметтік тәжірибелерін өз бизнестерін жаңарту мен дамыту жолында тиімді пайдалануға бағытталған және осы жоба аясында 2 эксперттік миссия сәтті жүзеге асты. «БЖК 2020» бағдарламасына қатысушы ЖК «Айкенже Мұханова» және «НұрАс» ЖШС мемлекеттің қолдауын пайдалана отырып, Канададан өз қызметкерлерін оқытуға арнайы эксперт шақырды. «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» және «Іскерлік байланыстар» жобасы аясында 2014 жылы бірталай жұмыстар сәтті жүргізілді. ШОБ 20 өкілі «Назарбаев Университеті» бизнестің Жоғары мектебі базасында табысты бизнесті құрудың жаңа модельдері, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды тиімді басқару мен стратегиялық және тактикалық бизнес-есепті шешу бағытында оқудан өтті. Аймақтың 23 кәсіпкері еліміздің ең таңдаулы ЖОО Халықаралық «ТұранПрофи» академиясы мен «КИМЭП» Университетінде бизнесті жүргізу бойынша тереңдетілген оқудан өтуге мүмкіндік алды. Өткен жылы аса белсенділік танытқан ауыл кәсіпкерлерін атап өтпеу мүмкін емес, олардың қатарында отандық және шетелдік мамандардан дәріс алған бизнес –тренингтерге қатысқандар аз болмады. «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» және «Іскерлік байланыстар» жобасының негізгі мақсаты шетелдік компаниялармен іскерлік байланыстар орната отырып, отандық кәсіпкерлердің әлеуетін арттыру болып табылады. Аталған жобалардың қатысушылары «Іскерлік байланыстар» жобасының екінші бағыты бойынша АҚШ және Германия елдерінде тегін іс-тәжірибелік сапарға баруға мүмкіндік алады. 2014 жылы өңірдің 4 кәсіпкері осы мүмкіндікті пайдаланды, Махатова Дина – «Ас-кА» ЖШС-ң директоры, жеке кәсіпкер Жомарт Жолдыбаев, Мағжан Ералиев - «Абзал и К» ТС директорының орынбасары 4 апталық тегін іс-сапарды Германияда өткізіп қайтса, жас жеке кәсіпкер Азиз Нұрахатов АҚШ кәсіпкерлерімен байланыстар орнатты.
Кәсіпкерлер тарапынан ақпарттық-кеңес беру қызметіне деген сұраныстың артуынан Даму Қоры осы бағытта күшейтілген жұмыстар атқарды. Осылайша, 2013 жылдан бастап еліміздің барлық аймағында өз жұмыстарын бастаған «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары кәсіп ашуға бел буған халыққа көрсетілетін қызметтер саны артты. Даму Қорының Қызылордалық филиалы мен Кәсіпкерлер палатасы арасында мәміле жасалып, кәсіпкерлік ниеттегі азаматтарға өз бизнесін Қызылорда облысында жүзеге асыру барысында құқықтық, экономикалық және әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңестер беруге бірлесіп жұмыс жасау қолға алынды. КҚКО кеңесшілері барлығы 6 632 кәсіпкерлерге және бизнеске қадам басқан азаматтарға 7 221 қызмет көрсетті. 2014 жылдың маусымында облыстың барлық 7 ауданында «Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары» (КҚО) ашылып, ауыл халқына мемлекеттік қолдауларды түсіндіру мен шағын және орта бизнестің дамуына үлес қосуға жұмыстар атқарып келеді. 2 851 ауыл тұрғыны тегін сервистік қызмет алды. Сонымен қатар, «Мобильді Кәсіпкерлікті қолдау орталығы» аудан орталықтары мен шет ауылдарға сапарын жалғастыруда. Жыл барысында МКҚО кеңесшілері 85 рет ауыл-аймақты аралап, 111 ауылдық округте мемлекеттің бизнеске көрсететін қолдау түрлері жөнінде толықтай кеңестер берді.
Сонымен қатар, мұмкіндігі шектеілі кәсіпкерлер де Даму Қорының қолдауынан тыс қалмады. Мүгедек кәсіпкерлерге көмек көрсетуге бағытталған «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында, 27 мүгедек кәсіпкерге демеушілік көмек көрсетілді.