ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ БАҒЫТТАҒЫ 108 САЙТ АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында облыстық дін істері басқармасының басшысы Нұрхан Жәлиевтің қатысуымен брифинг өтті.
Онда басқарма басшысы облыс бойынша діни бірлестіктер филиалдарының саны 156 болса, оның ішінде исламдық бағыттағылар саны 143. Ал православтық бағытта – 1 шіркеу, протестанттық бағытта – 12 шіркеу жұмыс жасап жатқандығын атап өтті.
Сонымен қатар өткен жылы деструктивті діни бағыттағы күмәнді 108 сайт анықталып, оның 38 сараптау нәтижесінде жабылды. Қалған 70 сайттың жұмысы әлі де анықталуда, - дейді Нұрхан Жәлиев.
Басқарма басшысы жыл басынан атқарған жұмыстарына тоқтала келе басқарманың жанынан құрылған облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметімен таныстырды.
Аталған мекеменің құзырына психологиялық және заңгерлік кеңес беру, жат ағымдардан зардап шеккен тұлғаларды сауықтыру жұмыстары кіреді.
Алдағы жылы автовакзалдар мен теміржол вокзалдары арқылы қала, аудан, ауылдық округтерге қатынайтын жолаушыларға дәстүрлі діни ағымдар туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ, республикалық және халықаралық дәрежедегі теолог мамандардың қатысуымен ауқымды конференция ұйымдастырылмақ. Дін саласында түрлі кітаптардың тұсауы да кесілетін болады.
«Облыстық дін істері басқармасы үстіміздегі жылы бірнеше жобаларды жүзеге асыруды қолға алды. Оған бюджеттен 40 млн.нан астам қаржы бөлінді», - дейді Нұрхан Бұқарбайұлы.
Брифинг соңында басқарма басшысы журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Фариза ОМАРОВА