ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ ӘР БАСШЫНЫҢ ПРИНЦИПІНЕ АЙНАЛУЫ ТИІС
Кеше облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.
Отырыста облыс әкімінің кеңесшісі Ғ.Алпысбайұлы «Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында хабарлама жасады.
Онан соң ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы М.Қарымсақов, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы С.Мұстафаев және облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ғ.Ниязовтар мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы айтып өтті.
Сыбайлас жемкорлыққа қарсы саясатта мемлекеттік басқарудың, мемлекеттік қаражатты бөлу мен пайдаланудың ғылыми негізделген нысандары мен әдістерін таңдаудың маңызы зор. Осы орайда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес электронды әкімдікті интеграциялау және дамыту бөлімі мен мемлекеттік сатып алу басқармасы бірлесіп, мемлекеттік сатып алуды бақылау, жоспарлау туралы электронды бағдарлама әзірледі.
Отырыста мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жаңғырту, мемлекеттік органдардың барынша ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жасалып жатқан жұмыстар жайы да сөз болды.
Комиссия отырысы соңында облыс әкімі Қ.Көшербаев орынбасарларына, басқарма, департамент, инспекция басшыларына өздері жетекшілік жасайтын салаларда сыбайлас жемқорлыққа соқтыратын жағдайлардың алдын алуды қатаң тапсырды.