АУДАНАРАЛЫҚ СОТ ТӨРАҒАСЫ «ҮШ БИ» БЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Қызылорда облыстық сотында өткізілген салтанатты жиналыста Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қалымбет Бақытжан Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының «ҮШ БИ » белгісімен марапатталды.
Бақытжан Мүсілімбекұлы 1964 жылы 17 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1986 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
1989-1994 жылдары Қызылорда қалалық прокуратурасында аға тергеуші, прокурор, 1994-1999 жылдары Қызылорда облыстық сотының судьясы, 1999-2001 жылдары Қызылорда облыстық Әділет басқармасының бастығы, 2001-2002 жылдары Сырдария ауданының прокуроры, 2002-2007 жылдары Қызылорда облыстық сотының судьясы, 2007-2010 жылдары Қызылорда қалалық сотының төрағасы, 2010 жылдың наурыз айынан осы кезге дейін Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төраға қызметін абыроймен атқарып келеді.
25 жыл бойы заң саласында еңбек етіп өзінің біліктілігімен, сауаттылығымен және қарапайымдылығымен әріптестерімен жұртшылық арасында абыройға ие болған азаматтың еңбегі жоғары бағаланды.
Алдағы уақытта да әділ жолында тура биліктен таймай, еліміздегі азаматтардың құқықтық мүддесін қорғаудағы заңдылықты және әділеттілікті сақтауда ерен еңбектің үлгісін көрсетіп, халыққа адал қызмет жасай беріңіз.
Қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі