18-29 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫЛАР ЕНДІ НЕСИЕ АЛА АЛАДЫ
ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілді.
Аталған өзгерістер арқылы жасы 18 бен 29 аралығындағы жастар «Даму» қорының кепілдігінің арқасында екінші деңгейлі банктерден несие рәсімдеуге мүмкіндік алды. Қор тарапынан берілетін кепілдік сомасы 70%-ға дейін әрі бизнес түрлерін ашуға шектеу қойылмаған.
Өзгеріс енгізілмес бұрын бағдарлама аясында шағын және орта бизнес субъектілері экономиканың басым секторларына кіретін бизнес түрлерін ашуға ғана несие алатын еді. Өндіріс саласында тәжірибесі жоқ жастарға қойылатын бұл талап алынып тасталып, кез келген бизнес түрлерін, оның ішінде сауда-саттық, тамақтану орындарын,сұлулық салондарын ашу секілді кәсіпкерлік түрлерімен айналысуға жағдай жасалды.
Жасы 18 бен 29 аралығындағы жастардың кәсіпкерлікке тіркелген уақыты бір жылға толмас бұрын 20 млн.теңгеге дейінгі және «Даму» қорының 70%-дық кепілдігімен несиені келесі екінші деңгейлі банктерден алуына болады: «Қазақстан Халық Банк» АҚ, «Банк Ценр Кредит» АҚ, «АТФБанк» АҚ және "Сбербанк России" ЖБ АҚ.
Қабылданған өзгерістер Қазақстандағы жастар кәсіпкерлігін дамытуға жаңа серпін беретіні сөзсіз.