АЛМАТЫДА ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВТЫҢ 103 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ
Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 103 жыл толды. Осыған орай, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Д.А.Қонаевтың ескерткіші орналасқан шағын саябақта еске алу рәсімі өтті.
Алдымен, ескерткіш алдына құрметті қарауыл қойылды. Кейін, Шоқан Уәлиханов атындағы №12 көп салалы гимназияның оқушылары ескерткішке 103 тал гүл қойды. Олардан кейін Д.Қонаевтың туған-туыстары, қызметтес әріптестері, қоғам қайраткерлері, ЖОО студенттері, мектеп оқушылары кезекпен гүл шоқтарын қойды.
«Мен Димекеңмен 25 жыл бірге қызметтес болдым. Бірге көрші болдық. Ол адамгершілігі өте зор, ешқашан дауыс көтеріп сөйлемейтін кісі еді. Ел-жұрт оны керемет құрметтейтін. Сауда министрі болып жүрген кезімде алдына барған сайын: «Әй Сұлтан, ел-жұрттың хал-ахуалы қалай? Азық-түлік бар ма? Жеткілікті ме?» - деп сұрап отыратын. Мен ол кісіні қатты сыйлаушы едім. Кейін Димекеңнің қорын құрдым. Қазір сол халықаралық қордың құрметті президентімін» - деп есіне алды мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтан Жиенбаев.
«Қазақтың данышпан ұлдары көп қой. Бірақ солардың ішінде Димекеңнің орны бөлек дер едім. Ол кісіні кеудесіндегі марапаттарына қарап емес, істеген істеріне қарап бағалау керек. Димекең республиканы ширек ғасыр басқарды. Оның тұсында ел экономикасы 7,5 есеге өсті. Сондықтан Димекеңнің есімі ел есінде мәңгілік сақталады», - деді өз кезегінде мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Серікболсын Әбділдин.
«Димекең ұлылықты бойына сіңірген, бар саналы ғұмырын халқына, Отанына бағыштаған ұлы тұлға. «Ұлық болсаң, кішік бол» - дейді қазақ. Ұлық бола жүріп, кішік болудың үлгісін көрсетіп кеткен осы Димекең», - деді Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов.
Жиын соңында оған қатысушылар жақын маңда орналасқан Дінмұхамед Ахметұлы Қонавтың мұражайын аралады.