ЖОЛ ЖҮРІСІ ҚАҒИДАЛАРЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР
2014 жылдың 13 қарашасында ҚР №1196 санды Қаулысымен Жол қозғалысы қағидалары жаңадан бекітілген. Аталған Үкімет Қаулысы 2015 жылдың 7 қаңтарынан бастап күшіне еніп, жол жүрісі қағидаларына төмендегідей жаңадан өзгерістер жасалды.
«Жалпы ережелер» бөліміне жаңадан автомобиль, күндізгі жүру жарықтары, ірі көлемді көлік құралы сынды жаңа терминдер енгізіліп, жүргізушілердің, жаяу жүргіншілердің және жолаушылардың жалпы міндеттері «Жол жүрісі туралы» Заңының нормаларына сәйкестендіріліп белгіленген болатын.
Автомагистраль және бөлу жолағы бар жолдарды қоспағанда, жолдағы жүріс жылдамдығы 100 км/сағ болып өзгертілген (бұрын 110км/сағ).
«Сыртқы жарық беру аспаптарын және дыбыстық сигналдарын пайдалану» тарауында тәулiктiң жарық уақытында жүріп келе жатқан барлық көлiк құралдарын белгiлеу мақсатында жақын жарық фаралары немесе күндіз жүру оттарын қосуды міндеттейтін норма бірінші рет енгізіліп отыр.
Сонымен қатар, тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілер немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға немесе зағиптарға қызмет көрсететін көлік құралдарының жүргізушілері басқаратын көлік құралдарына тоқтап тұруға тыйым салатын жол белгілерінің күші қолданылмайды. Яғни,тұрған көлік құралы жаяу жүргіншілердің жүруі үшін ені кемінде бір жарым метр бос жолақ қалдырып, тротуарға толығымен орналасқан жағдайда елді мекендердегі «Тоқтап тұруға тыйым салынады» деген жол белгілері орналасқан аймақта аялдауға және көлік құралын тоқтатып қоюға құқығы бар. Бұл қағида тоқтауға тыйым салатын жол таңбасымен белгіленген жол учаскелерінде қолданылмайды.
Жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмейтін және басқа да көлік құралдарын жол жүрісі мүмкіндігінен айырмайтын жағдайда тоқтап тұруға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта, уақыты шектеулі тұрақ орындарында көзделген мерзімнен артық және тұрақ орындарының шегінен тыс аула аумағындағы жолдарда көлік құралын қоюға құқығы бар.
Көлік құралын басқаруға тыйым салудың негіздері «Жол жүрісі Заңының» талабына сәйкес қарастырылған. Жол жүрісі қағидаларының «Жолаушыларды тасымалдау» деген 22-тарауына балаларды тасымалдауға қатысты толықтырулар енгізілген. Яғни, 12 жасқа дейінгі балаларды мотоциклдің артқы орындығында, балаларды арнайы ұстау құрылғысы немесе баланы қауіпсіздік белдігінің көмегімен отырғызып қоюға мүмкіндік беретін, көлік құралының конструкциясында көзделген өзге де құралдар болмаған кезде, ал механикалық көлік құралының алдыңғы орындығында балаларды арнайы ұстау құрылғысы болмаған кезде тасымалдауға тыйым салынады.
ҚР СТ 41.44-2012 «Балаларға арналған ұстап тұратын құрал» стандартына сәйкес, аталмыш құрал-айылбастары бар икемді элементтерден немесе баулардан, реттеуші құрылғылардан, бекіту бөлшектерінен және кейбір жағдайларда қосымша құралдардан (мысалы, балаларға арналған аспа бесіктер, алынып салынатын балалар орындығы, қосымша орындық немесе көлік құралы шанағының ішкі бөлігіне бекітілген соққыға қарсы экран) тұратын элементтер жиынтығы.
Сонымен қатар, автомобиль салонында баланы тасымалдау үшін аспа бесіктер мен жастық-бустерлер де, балаға қауіпсіздік белдігін тағуға мүмкіндік беретін басқа да арнайы құрылғылар қолданылады. Олар да «балаларды ұстап тұратын құрылғылар» ретінде классификацияланады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі