ҚЫЗЫЛОРДАДА ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ҚЫМБАТТАДЫ
2015 жылдың 10 қаңтарынан бастап Қызылорда облысында электр қуатының тарифі 7,8 пайызға көтеріледі. Облыстық антимонополиялық мекеменің директоры Нұрлан Пірімовтің хабарлауынша, өткен жылдың аяғында департаментке облысымыздағы үш энергиямен қамтамасыз ететін үш мекемеге электр қуатының тарифінің қымбаттағаны жөнінде мәлімдеме келген.
Бұл қаңтар айынан бастап электр қуатынының сатып алу құнының жоғарылағанымен байланысты болып отыр. Мәселен, Жамбыл ГРЭС қаңтардан бастап сағатына бір килловатты 9,52 теңгеден 9,74 теңгеге (НДС қоса есептегенде) дейін көтеріп отыр. Екібастұз электр стансасы 8,96-дан 9,86 теңгеге дейін, ал ҚЖЭО киловатт сағатына 7,84 теңгеден 8,18 теңгеге дейін көтерген. Одан бөлек, өткен жылдың қарашасынан бастап «KEGOC» АҚ электр қуатының жүйелерге таратылуын 50 пайызға қымбаттатқан болатын.
Осыған орай, облысымыздағы қуат көзімен қамтамасыз етуші мекемелер антимонополиялық агенствосына электр қуатының тарифін көтеруге мәлімдеме жасаған болатын. Департамент, мәлімдемелерді қарап шығып, 2015 жылдың 10 қаңтардан бастап «Шиелі жарығы» ЖШС орташа тарифін сағатына 16,84 кВт (15,7 орнына) көтеруге рұқсат берді (яғни 7,2 пайыз). «Энергосервис» ЕЖШС 7,5 пайызға көтерді. Бұған дейін орташа тарифі 15,02 теңге болса, 10 қаңтардан бастап, 16,15 теңге болып өзгерді. «Дәулет» ЖШС тарифті 8,9 пайызға өсірді. Енді олар 16,57 теңге орнына 18,04 теңге алатын болады.
Шынар БЕКБАН