ЭКСПО-2017 ТУЫ АРАБ ӘЛЕМІН АРАЛАП ЖҮР
ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясынан көрме туын қабылдап алған белгілі қоғам қайраткері, меценат, саяхатшы Сапар Ысқақұлы Джидда қаласында арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Шараға қатысқан Ислам ынтымақтастығы ұйымы төрағасының орынбасары Хамид Опелоюри: «ЭКСПО-2017» шарасының Астанада өтуі тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл ислам әлемінің жеңісі деп қарауымыз керек.
Өйткені, өнеркәсіп саласындағы мұндай ауқымды шара мұсылман елдері арасында ең алғашқы рет Астанада жалауын көтермек»,–деп мәлімдеді. Айта кетейік, аталмыш ұйымның бас кеңсесі дәл осы Сауд Арабиясы Корольдігінде орналасқан. Жиынға қатысқан жергілікті журналистер мен бизнес қауымдастығының өкілдері ЭКСПО-2017 көрмесіне зор ынта білдіріп отыр.
Біріншіден, мұнайлы елдің өкілдерін болашақтың энергетикасы тақырыбы қызықтырса, екіншіден Қазақстан тарапының бұл шараға қалай дайындалып жатқандығы туралы көптеген сауалдар қойды.
Сонымен қатар, Оман сұлтандығында да келелі жиын өтіп, ЭКСПО-2017 шарасы кең талқылауға түсті. ЭКСПО-2017 насихатын әлем жұртшылығына кеңінен тарату мақсатында Сапар Ысқақұлы жақын күндері Үндістан астанасына барып, 1 жарым миллиард халқы бар мемлекеттің беделді бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат бермек.
Бір айта кетерлігі, осынау ауқымды шара белгілі саяхатшының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.