ЖҰМА КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА НАЙЗАҒАЙ ОЙНАП, ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
Жұма, 1 тамыз күні республиканың батысы, солтүстік-батысы, солтүстігі мен шығысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Қазақстанның қалған аумағында ауа райы ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылорда облысының кей аумақтарында жел күші 15-20 м/с дейін жетіп, шаңды дауыл соғады. Күндіз Атырау, кей жерлерде Батыс Қазақстан облысында күн аптап ыстық болады. Республиканың оңтүстігі, батысы, солтүстік-батысы, оңтүстік-шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.