ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР «КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІН» ОҚУДА
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы облыс мектептерінде кәсіби бағдар беруге үлес қосу және кәсіпкерлікке баулу мақсатында облыстық білім, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларымен және «Жастар жетістіктері» қоғамдық қорының өңірлік орталығымен бірге «Жастардың кәсіби бағдарын жүйелеу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыруда.
Аталмыш шараны орындау мақсатында Қызылорда қаласының №9 мектеп-гимназиясы пилоттық мектеп болып таңдалып, 5-10 сыныптардың оқу жоспарына «Кәсіпкерлік негіздері» факультативтік пәні енгізілді. Мектеп оқушылары кәсіпкерлік саласы бойынша арнайы білімді тек осы сабақтардан алатындықтан, бүгінде бұл пән теңқұқықты мектептік курс дәрежесін алды.
Ерекше атап өткен жөн, «Кәсіпкерлік негіздері» факультативтік пәні республика бойынша алғаш рет Қызылорда мектептерінен бастау алуда.
Бұл жөнінде кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов:
- Колледждер мен мектептерде білім алушыларға тиімді экономикалық шешімдер қабылдауды, экономикалық деңгейде ойлауды үйрету және қаржыны басқару жайлы білім беру үшін біз ең алдымен педагогикалық мамандарды әзірлеуіміз қажет. Қазір Қызылордада облыстық кәсіпкерлер палатасы мен білім басқармасының, «Жастар жетістіктері» Өңірлік орталығының және «Жас ұрпақ - 2050» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдеріне арналған «Кәсіпкерліктің жедел курсы» атты арнайы семинарлар ұйымдастырылып жатыр, - дей келе, аталмыш курс қорытындысымен жаңа оқу жылында «Кәсіпкерлік негіздері» факультативтік пәнін облыстағы өзге де мектептерде енгізу жоспарланып отырғандығын жеткізді.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі