ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ
Қазіргі таңда Қызылорда облысында қоғамдық-саяси ахуалы тұрақты. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы Руслан Рүстемов «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте мәлімдеді. Облыс тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 86,1 пайызы аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалды «қолайлы, бірқалыпты» деп бағаласа, 78,2 пайызы қазіргі сәттегі өмір сүру деңгейіне «Қанағаттанатындықтарын» білдірген.
- Облыста 2 жылдан бері ақпараттық- талдау орталығы жұмыс жасайды. Ақпараттық-талдау орталығының әр ауданда және облыс орталығында арнайы мамандары жұмыс жасайды. Әлеуметтік желілерге, аймақтың елді мекендеріндегі қоғамдық-саяси ахуалға жүргізілген күнделікті талдау, мониторинг жұмыстары туындаған мәселелер бойынша жедел шара қабылдауға мүмкіндік беруде, - деді Р.Рүстемов.
Айта кету керек, биыл облысымызда қоғамдық-саяси маңызы бар 126 ірі көлемді шаралар ұйымдастырылмақ. Атап айтар болсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығына және Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай өтетін ірі көлемді шаралар, мемлекеттік, кәсіби мерекелер, облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі конференциялар, семинарлар, байқаулар, мәдени-көпшілік шаралар енгізілді. Оның ішінде халықаралық деңгейде 2 шара, республикалық деңгейде 10 шара және облыстық деңгейде 76 шара өтетін болады.
Шынар БЕКБАН