«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
«Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдауының басшысы болып Абылайхан Оспанов тағайындалды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
Абылайхан Оспанов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін «Ақпараттандыру» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2006-2010 жылдары оңтайландыру және басқару жобасы бойынша бөлімдердегі коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.
2010-2014 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінде аға инженер, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің ақпараттық технологиялар саласы Мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметті автоматтандыру және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру бойынша бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Электрондық қызмет және байланыс пен ақпарат бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігінің ХҚО дамыту департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
Бұл қызметке тағайындалғанға дейін ҚР инвестиция және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат бойынша Комитетінің мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру басқармасының жетекшісі қызметінде болды.