ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ РАУАН КЕНЖЕХАНҰЛЫ УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы жұмыс сапарымен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің базасында болып, бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.
Рауан Кенжеханұлы алдымен университеттің бас оқу ғимаратындағы «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу көрме залын аралап, тәуелсіздік жылдары еліміздің қол жеткізген жетістіктерін бейнелейтін деректермен танысты. Одан әрі «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының көрме залында болды. Сыр өңірінің тарихи-мәдени жәдігерлері қойылған көрме залына облыс әкімінің орынбасары ерекше ықыласын білдірді.
Облыс әкімінің орынбасары №5 оқу ғимаратындағы «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана мен университеттің жылыжай шаруашылығының жұмыс барысымен, ғалымдардың жүзеге асырып жатқан ғылыми жобаларымен танысты. Сонымен қатар сапар барысында №5 студенттер жатақханасы мен «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде болды.
Одан әрі университеттің Студенттер сарайында оқытушы-профессорлар мен жастар ұйымдарының жетекшілерімен кездесті. Жиын барысында университет ректоры т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов университеттің білім беру бағдарламалары мен ғылыми бағыты жөнінде қысқаша мағлұмат беріп, алда атқарылар жұмыстарға тоқталды.
Өз кезегінде Рауан Кенжеханұлы Сыр өңірінің рухани-мәдени дамуына байланысты айтылған ғалымдар пікірін қуаттайтындығын білдірді. Облыстың мәдени өміріне байланысты кез-келген жобаларды жүзеге асыруда университет ұжымы мен ғалымдардың атқаратын ролінің маңыздылығын, сондықтан да жүйелі түрде байланыс орнататындығын жеткізді. Сонымен бірге өзінің алдағы жоспарларымен таныстыра отырып, жастар тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға жауап берді.