ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ҚЫМБАТТАЙТЫНЫН РАСТАМАДЫ
Ақпараттық желілердегі ақпан айынан бастап электр энергиясының қымбаттайтыны эөніндегі ақпарат жалған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі мәлімдеді. Естеріңізге сала кетсек, кеше «Нефтегаз» интернет-басылымы еліміздің энергетика министрлігіне сілтеме жасай отырып, электр энергиясының қымбаттайтыны жөнінде ақпарат таратылған болатын. Ақпарат барлық желілерде қысқа мерзімнің ішінде тез таратылып, көпшіліктің наразылығын тудырды.
Министрлік электр энергиясының шекті бағасын қою ведомства құзіретіне кірмейтінін түсіндіріп берді. Мұндай бұйрықты тек ҚР Ұлттық экономика министрлігі бере алады.
Министрлік электр энергиясының шекті бағасын қою ведомства құзіретіне кірмейтінін түсіндіріп берді. Мұндай бұйрықты тек ҚР Ұлттық экономика министрлігі бере алады.