КӨШЕРБАЕВ ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Биыл облыс орталығында 79 көше күрделі жөндеуден өтеді. Оған облыстық бюджеттен 3 милиард 921 миллион теңге қаржы бөлінген. Мәдениет үйлері мен көпқабатты тұрғын үйлерде қайта жаңғыртылуда.
Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев бүгін жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Өңір басшысы алдымен Марал ишан, Қаратоғай көшелерінде жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарын көрді. Бұл көшенің 2,3 шақырымын «УАД» ЖШС асфальттап жатыр. Сондай-ақ Қаратоғай көшесіне аяқсу пайдаланатын гидротехникалық құрылғысы салынып, 50 жарық бағаналары орнатылған. Бүгінде жұмыстың 80 пайызы аяқталған.
Қаладағы үш мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтуде. Оған қалалық бюджеттен 246,5 миллион теңге қаржы қаралған. Аймақ басшысы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйіне жүргізілген жөндеу жұмыстарын көрді.
- Қай салаға болмасын, мемлекеттен қыруар қаржы бөлініп жатыр. Тек соны ұқсата білуіміз керек. Бастысы, сапаға мән беріңіздер. Мұның барлығы – ел игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстар, - деп ескертті аймақ басшысы.
Оқушылар үйіне де ат басын бұрып, білім ошақтарының жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты. Мұнан соң «Шұғыла» мөлтек ауданында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан үйлерді көрді. Тұрғындармен жүздесіп, «құрылыстың сапалы жүргізілуін өздеріңіз де бақылаңыздар», - деді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі