ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛАЛАРДЫҢ ДЕМАЛЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Қызылорда қаласының «Шұғыла» мөлтек ауданында «ҚазГерМұнай» АҚ-ның демеушілігімен балалардың демалыс орны ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев, ҚР Мәжіліс депутаты М.Бақтиярұлы және қала тұрғындары қатысты.
Мұнай компаниясы 70 миллион теңге қаржыға демалыс орнын салды. Жалпы ауданы 3700 шаршы метр. Онда 11 колоннасы бар сквер, су бұрғақ, бассейн, 8 беседка, балаларға 6 ойын, үлкендерге 7 дене шынықтыру құрылғылары орнатылған. Сондай-ақ 50 көшет тал мен 132 шаршы метрге гүл отырғызылған. Бір сөзбен айтқанда балалардың демалуына бар жағдай жасалған. Аймақ басшысы бұлдіршіндердің қуанышымен ортақтасып, жылы лебізін білдірді. – Қала тұрғындарына қажетті аула, ойын алаңдары секілді нысандарды әлде де көбейтеміз. Тал егу, гүл отырғызу жұмыстары қатар жүргізіледі. Тек сіздерге айтарымыз жасалған іске жанашырлықпен қараңыздар, - деді аймақ басшысы.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі