ҚАЗАҚСТАНДА 1 АҚПАННАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
Сәрсенбіде, 7 қаңтар күні Қазақстанның энергетика министрі Владимир Школьник 2015 жылы 1 ақпаннан бастап еліміздің барлық өңірлерінде электр энергиясы тарифының бағасы қымбаттауына байланысты жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды NefteGaz.kz порталы.
Школьниктің хабарлауынша, тарифтің өсуіне экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, сонымен қатар энергия желісі инфраструктурасына инвестицияның қажеттігі мен жаңа қуаттылықтың құрылысы себеп болған.
Бұдан бөлек, энергетика министрі мәлім еткендей, елімізге енді электр энергиясы экономикасына қажетті құрылғыларды әкелуге тыйым салынған. Оның ішінде Electricity Saving Box құрылғылары. Бұл шешім туралы Школьник аталмыш құрылғылар қазақстандық электр желілері жұмысында тексерілмегендіктен, құрылғыны пайдалану залалын тигізуі мүмкін екендігін айтты.
«Иә, расымен 2015 жылы Қазақстанға электр энергиясы экономикасына қажетті құрылғыларды импорттауға шектеу қойылмақ», - деген шешімін жеткізді.
Айта кету керек, 2015 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның бірқатар аумақтарында электр энергиясының тарифтері көтеріліп үлгерген болатын. Алматы мен Алматы облыстарында – 7,5 пайызға, Павлодарда – 3,5 пайызға, Шымкентте – 6 пайызға, Ақтау төлемақыны бірден он пайызға көтеруді жоспарлап отыр. Дегенмен жаңа тариф 5 жылға дейін құнын өзгертпейді деп жоспарлануда.
Шынар БЕКБАН