2015 ЖЫЛЫ ҰБТ-НЫҢ ӨТКІЗІЛУ ФОРМАТЫ ӨЗГЕРМЕЙДІ
2015 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің форматы өзгермейді, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.
2015 жылғы маусым айының 1-і мен 15-і аралығында елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өткізіледі, оған 100 мыңнан астам мектеп түлегі қатысады деп күтілуде. ҰБТ оны өткізудің арнайы пункттерінің базасында ұйымдастырылады.
«ҰБТ қазақ және орыс тілдерінде бес пән: қазақ немесе орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін), орыс тілі (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), таңдау бойынша пән (таңдаған мамандыққа байланысты, шығармашылық мамандықтары үшін таңдау бойынша пән - еркін) бойынша өткізіледі», - делінген хабарламада.
Әр пән бойынша 25 тапсырма ұсынылады. ҰБТ-ны өткізуге үш жарым астрономиялық сағат (210 минут) уақыт беріледі. ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
ҰБТ-ны объективті және ұйымдасқан түрде өткізуді Білім және ғылым министрлігінен арнайы дайындалған өкілдер қамтамасыз етеді. Барлық ҰБТ өткізу пункттерінде жергілікті атқару органдары және министрлік тарапынан тестілеуді табысты әрі жайлы тапсыруға қажетті жағдай жасалады.