2015 ЖЫЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫ САЛЫНАДЫ
Қызылорда облысында 2015 жылы бірқатар денсаулық сақтау нысандарының құрылыстары басталмақшы. Атап айтсақ, жаңа онкологиялық аурухананың құрылысын бастау жоспарлануда.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша биылғы жылдың жоспарына сәйкес медициналық қызметтің сапасын жақсарту және қолжетімділігін арттыру мақсатында Жалағаш ауданында 250 орындық емхана мен Сексеуіл кентіндегі 100 орындық емхана пайдалануға берілуі тиіс. Сонымен қатар, Тасбөгет кентіндегі қалалық өкпе ауруларына қарсы диспансеріне күрделі жөндеу жұмыстары және наркологиялық диспансерінің «А» блогын қайта құру жұмыстары бітетін болады.
Қазірде 200 орындық облыстық балалар ауруханасының құрылысын жалғастыру және Жаңақорған кентінде 250 орындық емхананың құрылысын бастау жұмыстары жоспарланып жатыр.
Қызылорда облысындағы денсаулық сақтау саласы медициналық қызмет көрсету сапасының жоғарылауына тікелей әсері бар алғашқы медициналық-санитарлық көмектiң қол жетiмдiлiгi, қан айналым жүйесiнiң, онкологиялық аурулардың, туберкулезге қарсы, сонымен бiрге жоғары мамандандырылған дәрiгерлiк жәрдемдi дамытуға негізгі басымдықтар береді.
Фариза ОМАРОВА