ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚАРУДЫ ЖАППАЙ САТЫП АЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруымен және жарылғыш заттарымен орын алатын тәртіп бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу мақсатында Қызылорда облысының аумағында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғындардан заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды жаппай сатып алу науқаны басталды. 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасатын акция аясында Қазақстан Республикасының әрбір азаматы тұрғылықты мекенжайы бойынша орналасқан ішкі істер бөлімдеріне келіп, тиісті құжаттарын өткізу арқылы өзінің иелігінде заңсыз қару-жарақты ерікті түрде тапсыруларына болады. Осыған орай, тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен қопарғыш заттарды өз еркімен өткізген тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ескерте кеткен жөн.
Газды травматикалық қаруды тапсыру үшін белгіленген нысандағы қару-жарақты ерікті түрде тапсыру туралы өтініш, қаруды сақтау және алып жүру құқығы берілген рұқсаттың түпнұсқасы, жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі, банк есепшотының нөмірі туралы құжаттың көшірмесі сынды құжаттар тізбесі қажет.
Жоғарыда көрсетілген қару түрлерін сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде тапсыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы №1145 қаулысымен бекітілген. Яғни, комиссия ұсынылған материалдарды қарап, осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша ерікті түрде тапсырылған қарудың санатын, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша ерікті түрде тапсырылған қару үшін сыйақылар мөлшерін айқындайды.
Криминалист-маманның қорытындысы және қаруды қабылдау актісі тапсырылатын қарудың санатын айқындау үшін негіздер болып табылады. Қаруды тапсырған жеке тұлғаларға мынадай төлем белгіленеді:
1-санатқа жатқызылған қару үшін көзделген құнының 90%-ы есебінен, 2-санатқа жатқызылған қару үшін көзделген құнының 70%-ы есебінен, ал 3-санатқа жатқызылған қару үшін көзделген құнының 50%-ы есебінен жүргізіледі.
Қару-жарақтарды, оқ-дәрілер мен атыс қаруын ерікті түрде тапсырған жеке тұлғаға төленетін ақшалай төлем 1 ай мерзімде жеке есепшотына аударылады, тиісінше жеке тұлға өзіне тиесілі қаражатты банк шотынан ала алады.
Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс
қаруының, газды қарудың 1-санаттағы жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруына, газды қаруды пайдалануда болмаған және техникалық ақаулықтары жоқ қаруға көзделген құнының 90%-ы есебінен, яғни бұрын пайдалануда болған, бірақ көрінетін немесе жасырын ақаулықтары жоқ, тауарлық түрін жоймаған қару жатады.
2-санаттағы жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруына, газды қаруға пайдалануда болмаған не пайдаланылған, одан әрі пайдалануға кедергі келтірмейтін, оларды жоюды не тораптарын және тетіктерін ауыстыруға немесе қалпына келтіруге байланысты емес жөндеу арқылы жоюды талап етпейтін жекелеген техникалық ақаулықтары немесе тауарлық түрінің ақаулары бар қаруға көзделген құнының 70 %-ы беріледі. Ал 3-санаттағы жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруына, газды қаруға негізгі тораптарының, тетіктерінің, бөлшектерінің техникалық ақаулықтары болуы салдарынан одан әрі пайдалануға жарамсыз немесе пайдалануға қауіпті, оларды жөндеу, қалпына келтіру немесе ауыстыру техникалық немесе экономикалық себептер бойынша орынсыз болатын қаруға көзделген құнының 50 %-ы есебінен беріледі.
Егер қару криминалист маманның шешімі бойынша «жарамсыз» деп танылса, ҚР ІІМ БДБ «Криминалдық қару» есептік тізімдемесінде тұрса немесе қызметтік қару ретінде тіркелсе, 2015 жылғы 31 желтоқсаннан кейін, яғни белгілінген мерзімнен кешіктіріліп тапсырылса және ішкі істер органдарында тіркелмеген жағдайда комиссия ақшалай қаражатты төлеуден бас тарту туралы қорытынды шығаруға құқылы. Тиісінше, бұл жағдайда қару егесіне ешқандай сыйақы төленбейді.
Қорыта келгенде, қазіргі таңда заңсыз немесе заңды түрде сақталып отырған қару түрлерінің көмегімен құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың орын алып жатырғаны өтірік емес. Сондықтан орын алуы мүмкін кез-келген қылмыстық оқиғаларға тосқауыл қойып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өткізіліп отырған шараның маңызы зор. Осыған орай, азаматтарды өз иелігіндегі қаруды немесе тиісті органдарға тіркелмеген ату мүмкіндігі бар заттарды мемлекетке ерікті түрде тапсыруларын сұраймыз.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі