ЖАҢА ЖОЛ ЕРЕЖЕСІ БАЛА АВТОКРЕСЛОСЫН ҚЫМБАТТАТТЫ
Қазақстанда қаңтардың 7-сінен күшіне енетін жаңа жол қозғалысы ережелерінің кей тұстары қоғамда дау тудырды. Әсіресе, жаңа жылда бағасы күрт қымбаттап, тапшы затқа айналған балаларға арналған автокресло туралы талапқа қатысты жұрттың шағымы көбейді.
Жаңа жол жүрісі ережелеріне енгізілген негізгі он өзгерістің бірі – көліктің шамын күндіз де жағып жүру талабы. Көлік жүргізуге берілетін сенімхат міндетті құжаттар тізімінен алынды. Енді жол инспекторының көлікті себепсіз тоқтатуына тыйым салынады. Көлікті тоқтатқан жағдайда инспектор көлік жүргізушінің жанына келіп, тоқтату себебін түсіндіруі тиіс.
Әсіресе 12 жасқа толмаған балалар көлікте арнайы орындықта отыруы тиіс деген талапқа қатысты әлеумет шағым айтып жатыр.
Қаңтардың 5-і күні Астанада өткен баспасөз жиынында ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті басқармасының бастығы Қанат Сәдуақасов «Күшіне енген жол қозғалысы туралы заңда жолаушыға арналған алдыңғы орында автокресло, ал артқы орында баланы бекітіп қоятын арнайы құрылғы немесе баланы қауіпсіздік белдігімен байлап қоюға ыңғайлы жабдық болуы тиіс» деп түсіндірді.
Оның айтуынша, бұл талап «автомобиль салонындағы жолаушылардың бәрі қауіпсіздік белдігін тағып отыруы тиіс» деп көрсетілген жол қозғалысы конвенциясына сүйеніп енгізілген.
Қанат Сәдуақасов «Көлікте баланы қолда ұстап отыру өте қауіпті. Өйткені сағатына 50 шақырым жылдамдықпен келе жатқан көлік жол апатына ұшыраған кезде баланың салмағы 30 есе ұлғаяды да, бала алдыңғы терезеден ұшып кетеді немесе оны қолында ұстап отырған жолаушының астында жаншылып қалады. Сондықтан жаңа туған нәрестенің өзін перзентханадан арнайы автобесікке салып алып жүру керек» дейді.
Ол сондай-ақ жаңа жол қозғалысы ережелері бойынша, таксилер де арнайы балалар автокреслосымен жабдықталуы тиіс екенін хабарлады.
– Біз ең әуелі коммерциялық мақсатта кісі тасуға жағдай жасауды емес, таксист болсын, жеке меншік көлік иесі болсын, балаларды тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ойлауымыз керек. Кез келген көлік жүргізушісі транспорт құралындағы арнайы қауіпсіздік белдігін пайдалануы тиіс, - дейді Қанат Сәдуақасов.
Ішкі істер министрлігінің басқарма бастығы былтыр сәуірдің 17-сі күні енгізілген бұл ұсыныстың қазанның 20-сында бекітілгенін, осы мерзім ішінде азаматтардың бұл талапқа дайындалуға жеткілікті уақыты болған дейді.